0 дауыс
294 көрілді
АЗЭҚ Қашан құрылды...?

1 жауап

0 дауыс

Еуропа одағы (ЕуроодақЕО) — Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі.

Еуропа одағы (ЕО) — халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Аустрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. Еуропа одағы еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951, осы ұйым Еуропа одағының құрылуына негіз қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 жылы Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым “Ортақ рынок” деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қауымдастықтың (1957 жылы құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді. Кейіннен бұл Одаққа – Польша, Мажарстан, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литва елдері мүше болды.

...