+1 дауыс
802 көрілді
Смартфондарға арналған WhatsApp қашан, қалай құрылды?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

WhatsApp — смартфондарға арналған мессенджер. Мәтіндік хабарландыру, сурет, видео және аудио жөнелтуге болады. Android, BlackBerry OS, BlackBerry 10, iOS, Series 40, Symbian (S60) және Windows Phone сияқты платформаларда жұмыс істейді. Мессенджерді жасаған компанияның негізін Ян Кум (Jan Koum) және Брайан Эктон (Brian Acton) 2009 жылы Калифорния штатында құрған. Компанияда 55 қызметкер жұмыс істейді.

2013 жылғы маусым мәліметтеріне сәйкес, WhatsApp арқылы күніне 27 миллиардқа жуық хабарландыру жөнелтіледі.

2014 жылғы ақпанның 19-ында Facebook Inc. WhatsApp Inc. компаниясын 19 миллиард АҚШ долларына сатып алатынын жариялады.

2016 жылы 3 ақпанда WhatsApp қолданушыларының саны миллиардқа жетті. Бұл туралы Марк Цукерберг Facebook парақшасында мәлімдеді.

Әлеуметтік желінің иесі қолданушыларымен жақсы жаңалықты бөлісе отырып, мессенджердің негізін қалаушы Ян Кум мен Брайан Эктонды құттықтады. "WhatsApp Facebook-ке қосылғалы екі есе көп қолданушы жинады. Біз сіздер үшін жақындарыңызға қоңырау шалуға мүмкіндік беретін функция қостық. Енді әлем бойынша көптеген адамды жақындату мақсатында жұмыс істейміз", - деді Цукерберг.

Ол команданың абоненттік төлемді азайтып, WhatsApp мессенджерін тегін еткенін де айта кетті. "Әлемде Жер жүзіндегі миллиардтаған адамды байланыстыратын қызметтер санаулы ғана. Бұл кезең әлемді біріктіру жолындағы маңызды қадам", - деді миллиардер.


https://kk.wikipedia.org/wiki/WhatsApp

Ұқсас сұрақтар

...