+1 дауыс
735 көрілді
Youtube сайты қашан құрылды? Құрылу тарихы туралы білгім келеді.

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
YouTube ([ˈjuːt(j)uːb] — ютюб) — бұл бейнематериалдар хостингінің сервистерін ұсынатын қызмет. Бұл жобаның негізі 2005 жылы ақпанның 15-інде Калифорния, Сан-Брунодағы Paypal фирмасының бұрынғы үш жұмысшыларымен салынған. Олар берілетін мәліметтердің аз көлеміне қарамастан жазбаның жақсы сапалы болуына мүмкіндік беретін Flash Video (flv) технологиясын қолданды. Бұл жоба жақсы көңіл көтеру құралына айналды және өзінің бірлестігін құра отырып, Alexa аналитикалық компаниясының статистика мәліметтері бойынша танымалдылығы жағынан MySpace әлеуметтік желісін басып озды.
Чад Херли — негізін салушылардың бірі — Forbesжурналының мұқаба бетінде, 2006 жыл қазан айы2006 жылдың қараша айында You Tube қызметін Google компаниясы 1,6 миллиард долларға сатып алды. You Tube-ті сатып алуға дейін Google компаниясында осыған ұқсас бағыттағы қызметі – Google Video болған. Google өкілдері бұны жаппай, оны барлық бейнехостингтік сайттар бойынша бейнелерді іздеу орны ретінде қолданбақ. Қазіргі уақытта Google Video іздеуіне You Tube те кіреді.
You Tube-те ең алғаш бейне 2005 жылдың 23 сәуірінде орналастырылды:
2008 жылдың ақпан айында Пәкістанның өкімет билеушілері Исламға қарсы мәліметтерді орналастыру себептеріне байланысты бұл сайтқа рұқсатты алып тастады.
2015 жылы 15-сәуірде You Tube сайтына 15 жаңа тіл қосылды. Олардың қатарында қазақ тілі де бар.

P.S. Ақпарат уикипедиядан алынды (;

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 11.05.2020 Тарих сұрақтары сұрақ қойды
...