0 дауыс
Ақша болса бәрі болады деген сөзге келісесіз бе?
03.04.2020 594 қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

 Біріншіден барлық жағдай Алланың қалауымен болады. 

Сонда да келісемін(90%), бірақ бір нәрсені ескере кеткен жөн. Ақша болса бәрі болады, бірақ оның шынайылығы немесе сізге(ақшаның иесіне) әкелетін бақыты азаюы әбден мүмкін. 

Ондай жағдайды болдырмас үшін рухани байлығы мен нәпсісін тәрбиелей білу керек деп ойлаймын. Ақшаң бар бірақ:

- Сен осы дүниеде барсың, бірақ денің сау болмауы мүмкін;

-  Досың көп( сенің дәрежең үшін жүрген), бірақ шынайы жанашырың болмауы мүмкін;

-Әлемнің кез келген жеріне барлық жайлылықпен жете алуың мүмкін, бірақ жүрегіңде тыныштық пен қуаныш болмауы мүмкін, және т.б.

Сондықтан, әрине ақшаның болғаны жақсы, бірақ, жүрегіңде қанағат, барға қуана білу қасиеті болмаса  ол әрқашан да шынайы бақытты бере алмайды. Сонымен қатар, шалшықта отырып жылағанша , зәулім сарайда отырып жылағанды дұрыс деп ойлайды деп ойлаймын барша адам. 

03.04.2020
үздік деді
127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,996Қолданушы