0 дауыс
733 көрілді
"Махаббат - екі адамның сандырағы" деген сөзге келісесіз бе? Ғылыми түрде дәлелденген теория екені рас па? Уақытында "сүйем, күйем" деп жүресің,  кейіннен басқа біреуге үйленіп/тұрмысқа шығып кетесің.Сол "сен үшін күйем, өлем" дегендер жай ғана өтірік, сандырақ, адамдар қазір тек бір бірінің шашына, көзіне, күлкісіне, т.с.с. жерлеріне ғашық болады да, осындай сөздерді айта береді дейді.

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Рас болса, рас шығар. Маған бір кісі айтып еді "Сүйдім-күйдім демей, ең алдымен жігіттің ата-анасына қара, жақсы ата-ана баласына дұрыс тәрбие береді. Сүйіп қосылғандардың ішінде ажырасып кетіп жатқандары бар. Күшті болса қайда солардың махаббаттары?" деген еді. Әпкемнен сұраған едім: "үйленгеннен кейін махаббат қалады деген рас па?" деп, ол айтады: "алғашқыдай болмайды, уақыт өте келе бауыр басып кетесің, бауырың сияқты, аға мен қарындас сияқты боп кетесің" дейді. Соған қарағанда рас шығар...
+1 дауыс
НӘН болғанда махаббатты түсіне жатарсыңдар. Қазір көп жастар ертеңін ойламайды, бірге қыдыру, киноға бару, жылы сөз айтып еркелетіп айлы түнде серуендеуді махаббат деп түсінетіндер бар. Соңында түсінісе алмай айырылып жатады.

Мен де кезінде жүрдім бір қызбен. қызық болды ғой. күнде кездесу дегендей. сол кезде ойламаған екенмін тереңірек. Қызбен жүрген соң до конца жүру керек. олай жасай алмайтындар жүрмей ақ қойсын. Бір құпиямды айтайын ба?  )))) мен жүретін қыз емес, болашақ ЖАР, әке-анамның қызындай болатын, мені сыйлайтын қыз жолықтыруды жөн көрдім. :-)
Ия,дұрыс айтасың.+1
Белгісіз
+2 дауыс
Қазіргі махаббат тек уақытша махаббат сияқты.Ішкі жан дүниесіне қазір көбісі қарамайды.Түрі мен киіміне ғана қарап,сүйем,күйем,өлем деп айта береді.Кейін үйленген соң,ажырасып жататындар осылар деп ойлаймын.
кейбірі деген сөз қалып кетіпті. тексттің үшінші сөзі.
Кейбірі деген сөз ол жерде болмайды.
Белгісіз
0 дауыс
махаббатымен бакытты болмаган адамдар сандырак деп айтады
...