0 дауыс
47.5k көрілді
Екі адамның айтысы керек еді?Тақпақ,жыр түрінде?)

2 жауап

+1 дауыс

Қайым айтыс: 

Қыз:

Атымды шешем сүйіп қойған Еркін,

Той болса, түзетемін кәмшат бөркім.

Қолыңда еркің болса мені алғандай,

Неше жүз үйіңде бар сенің жылқың?

Жігіт:

Атынды шешең сүйіп қойған Еркін,

Той болса, түзетесің кәмшат бөркің.

Ер күшінен тау аударылар деген бар ғой,

Алармын, болмаса да жалғыз жылқым.

Қыз:

Атымды шешем сүйіп қойған Еркін,

Той болса, түзетемін кәмшат бөркім.

Қайраты кеуде жарған сен ер емес,

Маңыма жоламайтын сендей шіркін.

Жігіт:

Атыңды шешең сүйіп қойған Еркін,

Той болса, түзетесің кәмшат бөркің.

Ерегес, екі талай болған жерде,

Қыздарға сендей-сендей бар-дүр еркім.

Бәдік айтыс: 

Қаратауым дегенде Қаратауым,

Тау басынан соғады қара дауыл.

Сіздің үйде бір бәдік бар дегенге,

Қаптап кешіп келеді біздің ауыл, —

дегенде, қарсы топ:

Бәдік кетіп қалыпты таудан асып,

Таудан арғы бұлтпен араласып.

Енді екеуміз бәдікті тауып алып,

Шын құмардан шығайық сабаласып, —

деп жауап қайырады.

Жар-жар айтыс: 

Жігіт:

Жердің сәні болмайды ел кеткен соң,

Жүк көтермес қара нар бел кеткен соң.

Кетерінде сіңліңе тапсырып кет,

Өгейсітіп жүрмесін ержеткен соң.

Қыз:

Бір қамшым бар қолымда жез бауырлақ,

Ілікпедім өсекке сөзді ауырлап.

Ісің еске түскенде, беу, замандас,

Жатамын да жылаймын жер бауырлап.

Жігіт:

Мына көлдің басында құстар отыр, жар-жар-ау,

Оны көріп қаршығам ұшқалы отыр, жар-жар-ау.

Әшкере ғып айтпағын мұндай сөзді, жар-жар-ау,

Достарың аз, қасында дұшпан отыр, жар-жар-ау.

Біржан-Сара айтысы: 

Біржан Сараның мүшкіл халіне налиды:

Шырағым Сара, сендей тумас бала,

Шежіре туармысың мұндай дана.

Обалың Есімбек пен Тұрысбекке,

Жігітің жөндеу екен, ой, бейшара!

Ел-жұртың қорықпайды екен көз жасыңнан,

Қиып кеткім келмейді мен қасыңнан.

Кемітер қай жерінді дұшпан шіркін,

Адамзат озар емес өз басыңнан, —

деп, Біржанның өз ойларын түйе келіп бергені зор баға болады.

Тендік есесін ұзақ айтыстың бұл тұсынан Біржан надандықтың қара күш, қатал зорлығына сыншы би болып, төрелік айтады.

...Законде зорлық болмас жақсы адамға,

Жақсыны қор қып болмас бір жаманға.

Және де аят пенен хәдисте бар,

Жылатып берме деген еш наданға.

...Байлаулы бала құстай Сара сорлы,

Жоқ екен осы күні бұдан жаман, —

дейді.

Әйел тендігін, жастардың бас бостандығын Біржан жиын алдына үлкен әлеуметтік талап етіп тартады. Бұл айтыстың түйіні осы болғанмен, көп жерінде ру таласы да бар. Ол тұстарда екі ақын да рушылдық-феодалдық санадан аса алмайды. Екеуі де руларын мақтау үстінде, сол замандағы үстем тап өкілдері болған, зор әкімшілік, байлық иесі болған және халыққа көптен-көп қанаушылық, қысымшылық, қиянат жасаған шонжар рубасыларды, әкім төрелерді көп мақтасып кетеді. Айтыстың бұл бөлімдерінде Біржан, Сара айтысы ескі рушылдық-феодалдық санадан ұзап шыға алмайды.

Айтыстың егес, тартысы үстінде оқта-текте әкім жуан ырға айтқан сын сөздерінен шығып Сара:

Ей, Біржан, шыдамаймын қылығыңа,

Мақтанба Құсбек, Сартай ұлығыңа.

Үстіне Жамантайды сомдап қоссаң,

Барақтың пар келмейді сынығына,

Ұстаған Тобықтыны дүре соғып,

Аққан қан ат суарған тұнығына, —

десе де, өзге көп жырларында екі ақын өз руларының бай, феодалдарын көпіртіп, көтеріп, сынсыз түрде, тарихи шындыққа қарсы дәріптей береді.

Толығырақ мына сілтеме бойынша оқи аласыз)

0 дауыс
Айтыс

Атын кім енің кі
...