0 дауыс
275 көрілді
ӨӨР дегеніміз не? Қайда қолданады?

1 жауап

0 дауыс

Ауылшаруашылық тәжірибеде кейбір ауылшаруашылық өкілдерінің, сәндік және бағбандық өсімдіктер түрлерінің өсуін жеделдету (кейде тежеу) мақсатында өсімдіктің өсуін реттеуіш деп аталатын өнімдер қолданылады. Көп жағдайда олар табиғи гербицидтермен ұқсас, өндірістік химиялық синтез арқылы алынған өнімдер болып табылады.

Химиялық синтез арқылы алынған ӨӨР-мен қатар ауылшаруашылығында өсімдік бөліктерінен (жапырақ, бүтақтың өсу бүршігі, тамыр, дәндер) экстракция арқылы алынған табиғи химиялық заттар(әдетте фитогормондар деп аталатын) қолданылады. Өсімдіктің бойына енген фитогормонның аз ғана болсын концентрациясы оның өміршеңдігінеәсер ететін көптеген процесстерге ықпал етеді: дәндердің тез өнуі, тамыр жүйесінің дамуы, өнімділігі, гүлдеуі, өнімнің жетілуі және т.б.

Қазіргі таңда белгілі болған фитогормондарды химиялық құрамы мен биологиялық эффект көрсету түріне қарай алты классқа жіктеуге болады (этилен, ауксин, гиббереллин, цитокинин, абсциз қышқылы, брассинолид) [1].

ӨӨР өсімдіктің өміршеңдік процесстеріне әсер ете отырып, әртүрлі себептерге байланысты жүзеге аспай қалған өсімдіктің бастапқы генетикасымен берілген қасиеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. ӨӨР қолдану ауылшаруашылық өкілдерінің иммунитетін өсіріп, қоршаған ортаның қолайсыз факторларына төтеп беруге, өнімділік пайызын арттыруға жақсы әсерін тигізеді .

Олардың эффективтілігі әртүрлі биологиялық топтарға жататын өсімдіктер және түрлі топырақ жамылғысы мен климаттық жағдайларда жүргізілген сынақ тәжірибелермен анықталады. Анықтаудың бірізді тәсілінің болмауы, зерттеу жұмыстарында көптеген сұрақтардың пайда болуына әкелді. Өндірістік тәсілдері,химиялық құрамы мен қолданылатын шикізат түрі бойынша айтарлықтай айырмашылыққа ие 60-тан аса препараттардың сауда нарығында тіркелуіне байланысты, бірдей өсімдік өкілі айнымас табиғи жағдайда ӨӨР әр түріне әсері әрқалай болуы ықтимал деген тұжырым пайда болды. 

...