0 дауыс
1.4k көрілді
Ақпарат керек осы сұраққа толықтай. Ашытқылар қай жерде қолданылады?

1 жауап

0 дауыс

Ашытқылар - біржасушалы саңырауқұлақтар. Құрамына қант, азот, фосфор және басқа да минералдық заттар кіретін және еріген оттекпен қамтамасыз етілетін қоректік ортада тіршілік ете алатын бір жасушалы микроорганизмдер. Ашытқы саңырауқұлағының құрылысы өте қарапайым. Ол бір жасушадан тұрады, жіпшелері болмайды. Жасушасының пішіні дөңгелек немесе сәл сопақша. Сыртында қабықша, ішінде цитоплазма, бір ядро және вакуолі бар. Бір жасушадан тұрса да, көпжасушалылар сияқты тыныс алады, қоректенеді, өседі, көбейеді, зат алмасады. Басқа саңырауқұлақтардан айырмылығы ұзақ уақыт оттексіз тіршілік ете алады. Ашытқы саңырауқұлағы бүршіктену арқылы өте тез көбейеді. Бүршіктеніп көбею кезінде аналық жасушаның бір бүйірінен бұлтиып өсінді пайда болып, көлемі ұлғаяды. Ол өсінді аналық жасушасының мөлшерімен теңескенде одан әрі тағы да өсінді шығады.

Ашытқылар — құрамына қант, азот, фосфор және басқа да минералдық заттар кіретін және еріген оттекпен қамтамасыз етілетін қоректік ортада тіршілік ете алатын бір жасушалы микроорганизмдер.\r\n\r\n   Ашу, ашыту — органикалық заттардың ферментті тотығу-тотықсыздану процесі. Оның нәтижесінде организмдер өмір суруге қажет энергия алады. Ашу организмдер дамуының ерте сатысына тән және ол энергия алудың тиімсіз түрі болып есептеледі. Ашу процесі жануарларда, өсімдіктерде және көптеген микроорганизмдерде жүріп жатады. Кейбір бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар тек Ашудан алынатын энергия арқылы өсіп-өнеді. спирттер, органик. қышқылдар, аминқышқылдар, пуриндер, әсіресе, көмірсулар ашуы мүмкін.     Ашу процесінің ашытқылардың қатысымен жүретінін 1837 жылы Каньяр Дела Тур, ал Ашу. табиғатын 1857 жылы Л. Пастер сынды француз зерттеушілері дәлелдеген, 1897 жылы неміс химигі Э. Бухнер қанттың Ашуы ашытқы клеткаларынан алынған сөлдердің әсерімен де жүретінін көрсеткен. Бұл көптеген ферменттерді бөліп алуға мүмкіндік берді.Аскомицеттер:

  • Saccharomycotina
  • Taphrinomycotina
  • Schizosaccharomycetes

Базидиомицеттер:

  • Urediniomycetes
  • Sporidiales

\r\n \r\n\r\n      Saccharomyces cerevisiae, Saccharomyces carlbergensis клеткалар құрамында 50% жуық ақуыз, алмастырылмайтын аминқышқылдары, түрлі витаминдер бар; лизин, треонин, валин және лейцин өсімдіктерден асады, бірақ метионин, цистеин аз мөлшерде.     Ашытқы биомассасы тиімді субстратта өндіріледі, ал ферментациялау ақуыз өнімін алуда экономды және ұтымды.   Saccharomyces cerevisiae ашытқы биомассасынан алынған азықтар алмаспайтын аминқышқылдарының жалпы мөлшері және қатынасы бойынша жоғары қоректік тағамдық өнімдерге көрсетілген талаптарға сай келеді; алмастырылатын және алмастырылмайтын аминқышқылдарының оңтайлы қатынасына ие.        Шикізат ретінде мұнайдан бөлініп алынған н‑алкандар және көмірсуларда тез өсуге қабілетті ашытқылардың бірнеше түрі қолданылды: Candida maltosa, Candida guilliermondii, Candida lipolytica.  Тағы айтып кететін нәрсе, көміртегінің және энергияның жалғыз көзі ретінде метанолда ашытқылардың 25 жуық түрі өсе алады, соның ішінде Pichia polymorpha, Pichia anomala, Yarrowia lipolytica. Бұл субстратта ең жақсы продуценттерге бактериялар кіреді, себебі олар минералды тұздар қосылған метанолда өсе алады. Метанолда ақуыз алу процестері экономикалық жағынан тиімді.    Барлық белгілі микроорганизмдер ішінен сарысу ақуызын микробты ақуызға конверсиялаудың жоғары коэффициентіне ашытқылар ие. Барлық белгілі ашытқылардың ішінен 20% жуығы лактозаны сіңіру қабілетіне ие. Лактозаны ашыту қабілетіне ие ашытқылар өте сирек кездеседі. Лактозаның активті катаболизмі әсіресе Kluyveromyces туысына жататын ашытқыларған тән. Бұл ашытқыларды сүт сарысуынан ақуыз, этанол, β-глюкозидаза препараттарын алуда қолдануға болады.   Ашытқыларды алғаш рет сүт сарысуы негізінде Германияда өсіре бастады. Продуценттер ретінде сахаромицеттердің түрлі штамдарын қолданды. Лактозаны монокультура, сондай‑ақ ашытқылар мен бактериялар қосындысы үшін пайдалануға негізделген микробты өнімдерді алу әдістері жасақталған. Қазіргі уақытта продуценттер ретінде Candida, Trichosporon, Torulopsis туысына жататын ашытқыларды қолданады. Ашытқылар өсірілген сүт сарысуы биологиялық құндылығы бойынша бастапқы шикізаттан әлдеқайда асып түседі және оны сүт алмастырғышы ретінде қолдануға болады. Біржасушалылардан ақуыз алуда аталған микроорганизмдер мен процестер тізімі өте көп.      Ашытқы саңырауқүлақтардың систематикасы көбею тәсілдері мен физиологиялық қасиеттеріне негізделген. Олар екі түқымдасқа бөлінеді: сахаромицеттер және сахаромицет еместер.\r\n\r\n      Сахаромицеттер. Бұларға мәдени ашытқы саңырауқұлақтар жатады. Олар бүршіктену және споралар түзу арқылы көбейеді. Сондықтан бүларды нағыз ашытқы саңырауқүлақтар деп атайды. Мәдени ашытқы саңыраукүлақтарға нан, шарап, сыра ашытқы саңырауқүлақтары жатады.     Өндірісте, әсіресе олардың сахаромицес церевидзе және сахаро-мицес эллипсойдеус деген түрлерінің маңызы зор.Сахаромицес церевидзе клеткасы шар немесе жұмыртқа тәрізді. Олар шарап спиртін алу үшін, сыра қайнатуда және нан ашытуда қолданылады. Бұлардың белгілі бір температурада және жағдайларда тіршілік ететін жеке топтары — расалары бар.   Ал сахаромицес эллипсойдеустің клеткасы эллипс тәрізді, шарап өнеркәсібінде қолданылады, олардың кейбір расалары шараптағы хош иісті түзуге тікелей қатысады.     Сахаромицет емес ашытқы саңырауқұлақтар негізінен жалған ашытқы саңырауқұлақтар. Олай аталатын себебі: ашытқы саңы—рауқұлақтарының спора түзуге қабілеті болмайды бүршіктену арқылы ғана көбейе алады. Бүлардын, көпшілігі әр түрлі өндірістердегі өнімдерді зақымдайды. Дегенмен олардың ішінде шаруашылық үшін маңызды туыстары бар. Олар: торула және микодерма. Торула туысына жататын ашытқы саңырауқүлақтар шар тәрізді келеді және ашыту процесі барысында азғана мөлшерде спирт түзеді. Торула кефир деп аталатын өкілі қымыз және кефир сияқты сүт тағамдарын даярлауда пайдаланылады, ал торула утилис—тағамдық және мал азықтық ашытқы саңырауқұлақтарды өндіруде үлкен маңызы бар. Микодерма туысына жататын ашыткы саңырауқұлақтардың клеткасы үзынша. Олар спирт түзе алмайды. Бірақ ортадағы бар спиртті және органикалық қышқылдарды су мен көмір қышқыл газына дейін тотықтыра алады.      Құрамында спирті бар ішімдіктердің бетіне қонса, микодерма қатпарланған пленка түзеді де, оның иісі мен дәмін бұза бастайды. Сопымен қятар микодерма сүт тағамдарын туздалған овощтарды бүлдіріп, сірке және нан ашытқы саңырауқұлақтарын жасайтын өндірістерге өте зиянын тигізеді.  Нан пісіруге арналған ашытқы өдірісінде арнайы сұрыпталған рассалар қолданылады. Культураларды сұрыптауда ашытқының қамырда ашыту қасиетіне назар аудару қажет. Яғни олар жақсы көтерілу күші және ферментативтік белсенділігін меласса ортасында тереңдік ферментация жағдайында жақсы өсу және жоғарғы биомасса шығуын бере алуы керек. Ашытқы клеткаларды культивилеп суықтықтан фильтрация нәтижесінде престелген түрде жақсы сақтау керек. Ашытқының көтерілу күші минуттарда өлшенеді.Уқыт өткен сайын белгілі мөлшердегі ашытқы белгілі мөлшерде қамырда дамып, оның көлемін стандартпен белгіленген  мөлшерге дейі өсіреді. Жақсы ашытқы үшін көтерілу күші 75 минуттан аспау керек. Зиммазды белсенділік  30-40 мин.         Мальтозды белсенділік 50-80 мин. Зиммазды және мальтозды белсенділікті Елетский әдісі арқылы  анықтаймыз. Оның негізінде сахарозды  және мальтозды  орталарда  белгілі газ көлемін  шығару жатыр. Нан пісіретін ашытқы клеткасының өлшемі пішіні шар тәрізді және сопақша. Нан пісіруге арналған ашытқының ашу белсенділігі болу қажет. Онда тек қатты биомасса түзілу үші, қолданғанға жету үшін спирттік ашуды барлық әдістермен шектеу қажет.\r\n\r\n      Ашытқылардың құрылымы бактериялардың құрылымына ұқсамайды: олар сопақ немесе ұзыншақ болып бактериялардан ірілеу келеді, олардың көлемі 10 мкм.-ға жетеді. Олар бөлініп, бүршіктеніп, қолайлы жағдайда ұрықтану (споралар) арқылы көбейеді.

Saccharomyces ellipsoideus – клетка құрылысы, Роуз және Харрисон, 1969:1 — ядро; 2 — ядрошық; 3 — центриоль; 4 — ядро қабықшасы; 5 — митохондрия; 6 — липидные зерна; 7 — цитоплазмазмалық мембрана; 8 — вакуоль; 9 — метахроматикалық корпускула; 10  — клетка қабықшасы: 11  —  рубец от почкования; 12 — цитоплазма.

Қорытынды:  Қорытындылап айта кететін болсақ, барлық микробтар зиян келтіреді деп айтуға болмайды. Олардың кейбіреуі өте пайдалы, кейбіреулерінің қажеттілігі соншалық, өнеркәсіптің бүкіл саласы солардың арқасында ұйымдастырылған. Ашытқы саңырауқұлақтары өнеркәсіпте, тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылатынын білдік.

Ұқсас сұрақтар

...