0 дауыс
273 көрілді
Биогаздың қолданылу аймақтары жайлы мәлісеттер керек еді?

1 жауап

0 дауыс

Биогаздың қолданылу аймағы:

Отын ретінде биогаз электрқуат, жылу немесе бу өндірісінде, немесе көлік жанармайы ретінде қолданылады. Биогаз қондырғыларын тазалағыш құралы ретінде фермаларда, құс фабрикаларында, спирт зауыттарында, қант зауттарында, ет комбинаттарында орналастырылуға болады. Биогаз өндірісі мен қолданысына қатысты көрсеткіштер бойнша өндіріс жағынан дамыған мемлекеттердің арасында жүргізуші орынды Дания алып отыр. Бұнда оның ортақ энергия балансында биогаз 18%-ға дейін алып жатыр. Германия орташа және үлкен қондырғылардың саны бойынша, 8000 мың дана, жүргізуші орын алуда. Батыс Еуропада барлық құс фабрикаларының жартысынан кем емесі биогазбен жылытылуда.

Биогаз қондырғысын қолданудың экономикалық пайдасы:

•—          отын мен электроэнергия үнемделеді;

•—          тыңайтқыш пен гербицид үнемделеді;

•—          биогаз және биотыңайтқышты сатуға болады;

•—          ауылшарушылық өсіміктерінің өнімі жоғарылайды;

•—          үй жануарлары мен құстарға жем қоспалары қолданылады;

•—          биогаз қондырғылары бір жыл шамасында шығымын өтейді;

•—          органикалық қалдықтар жинақталмай, қолданылуына байланысты, ауа тазартылып, респираторлық және көз аурулары азаяды;

•—          органикалық қалдықтардағы микроорганизмдердің жойылуына байланысты эпидемиялық жағдай жақсарады;

•—          экологиялық таза тыңайтқыш қолданылуына байланысты экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдерден денсаулық жақсарады;

•—          тезек, көмір, ағаш отынды жинауға, тасымалдауға, кептіруге жіберілетін уақыт, қаржы үнемделеді және сақтау орны қажет болмайды;

•—          органикалық қалдықтардағы шөп тұқымдарының жойылуына байланысты, арамшөпті жинауға жіберілетін уақыт үнемделеді.

Биогаз қондырғысын қолданудың экологиялық пайдасы:

•— ашық сақталатын көңнен түзілетін метанның (парник газы) атмосфераға бөлінуі азаяды;

•— көмір, ағаш отындарының жану өнімдері мен көмірқышқыл газдың бөлінуі азаяды;

•—   жағымсыз иісті азот қосылыстарыммен ауаның ластануы азаяды;

•—    көңмен су ресурстарының ластануы азаяды;

•— ағаштар (орман) отын ретінде қолданудан сақталады;

•—    химиялық тыңайтқыштарды қолдану азаяды.

...