+1 дауыс
463 көрілді

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Дұрыс айтады әлбетте. Жаяу жүрудің пайдасы жүгіруден де көп. Жаяу жүру жүректің жұмысын жақсартады, әрі жаяу жүру үшін спорттық аяқ киім, я арнайы киім киюдің де қажеті жоқ, оқуға я жұмысқа барғанда, кез-келген уақытта жүруге болады. Жаяу жүру кезінде, сонымен қатар, адам көп нәрсені ойлауға мүмкіндік береді. Жаяу, асықпай жүріп келе жатып, жан-жағымызға қарап, ертеңгі күнге жоспар құруға, немесе ойымызға бір ой қосуға да пайдасы бар деп ойлаймын. Ал, дәрігер айтқан норманы орындасаңыз, өзіңіздің жүрек-қан айналым жүйесін жақсартып, әрі артық калориядан арылуға жол ашады.
+3 дауыс
Әрине, артық жүргеннің зияны жоқ!!!  Адам шаршап барып ұйықтаса, сонда келесі күні сергек жүреді!!!
келісемін)
+2 дауыс
Жаяу жүргеннің пайдасы көп! Адам қаншалықты көп жүрсе, соншалықты көп өмір сүреді дейді ғой...)
+2 дауыс
Дәрігерлердің айтуы дұрыс қой... жаяу жүруде спорттың бір түріне жатады екен,сондықтан жаттығу жасамасақта көп жүруге тырысуымыз керек,басқа спорт түрлеріне қарағанда,жаяу жүру денедегі артық калорияны көп мөлшерде азайтады...
...