+4 дауыс
1.4k көрілді

12 жауап

+11 дауыс
 
Жақсы жауап
Бес саусақ бірдей емес. Қыздардың барлығы олай ойламайды. Ауылдың жігіті ме, әлде қаланың жігіті ме мен үшін бәрі бір, ең бастысы қазақтың жігіті болса болды) Ауыл немесе қала деп бөліп-жарудың қажеті жоқ. Біздің сегіз қырлы, бір сырлы, өнерлі де дарынды, ақылды жігіттеріміз ауылда жетерлік...соны ұмытпайық, қыздар!
Ияяя ияяя өте дұрыс айттыңыз)келісем+1
не де болса бұйыртқаны болар) маңдайымызға жазылғанын көреміз иншАллах)
ия бұйыртқаны болар)
дұрыс айтасың мөлдір
Белгісіз
+3 дауыс
Қазіргі заманда адамдар бір бірімен таласып алға ұмтылуда. Қасындағы құрдастарын қалада жоғары мекемеде жұмыстеп қаланың қызықтарып көріп жүргенде кімнің ауылда отырып шағын жұмыс орнында отырып қалғысы келед? Бірақ пешеңене не жазса соны көреміз ғой. Менің айтқым кеп отырғаны қыздар " ой ауыл" деп қашпайды олар алға ұмтылып қасындағы құрдастарынан қалмай жүргенді қалайды
Мүмкін мүмкін бәрі мүмкін ... ия Қазіргі заманда адамдар бір бірімен бәсекелес үстінде ...
+2 дауыс
Қыздар көбі ауылға барып сиыр сауып, от жағамыз деп ойлайтын болар.
+4 дауыс
Шындықты айтайын, ауылдың жігіттері әдетте ынжықтау келеді. Мен де осында жауап берген қыздардық жасында дәл солай ойлайтынмын мейлі ауыл, мейлі қала деп, дегенімен көзім жетті. Бір ауылдың жігіті соңымнан қалмай жүрген, ол ауылдың баласы еді, егер оны жақсы көрсем ауыл екеніне де қарамас едім, алайда ол көңілімнен шыққан жоқ. Неге дейсіз ғой, ол маған тұрмысқа шығуға ұсынас жасады мақсаты қол жеткізсе болды. Одан кейінгі өмірін ойлаған жоқ, біріншіден, ол жұмыссыз, екіншіден, ауылда жұмыс жоғын өзі мойындады, ал айтқан сөзі "сенің артыңнан кетемін" дейді. Сонда бізге баспананы менің ата-анам алып береді немесе квартира жалдап тұрамыз. Мұндай ынжықтықты көріп пе едіңіз? Тіпті Құранда жазылған ғой, еркектер әйелдерін және бала-шағасын асырауға міндетті деп, ал әйел адам бала-шағасына жақсы тәрбие бергені керек. Ал қаланың жігіттері де асып-тасып тұр дей алмаймын, жалпы ауылда да, қалада да әйелдің дипломына қарап отырғандар баршылық. Жүрегінде түгі бар жігіттер кемде кем, сол айтпақшы оларға лайық қыздар да некен-саяқ....
+2 дауыс
Ауылда бар мүмкіндік бола бермейді: ыстық су, қыдыратын жерлер т.с.с
+2 дауыс
өз ойымша қыздар қалтасында ақшасы бар жігіттерге құмар,олар ауылда үй тірліктерін істегісі келмейді,олар қыдырғаннан басқа түк білмейді
+2 дауыс
мен ауылдың жігітіне шығам ба деп жүрсем )))
+2 дауыс
негізі қыздар ауылға барып киналғысы келмид оиткени барлық қыздардын санасында ауылга барсан ауылдаг малдар и кибен тиршилик калып коиган сондыктан кашад
+3 дауыс
><img src=" title="" alt="" /></a>
..........................................................................................
+1 дауыс
Ауылдың баласына тисе ауылда тұруға тура келер, ауылда тұрсам сиыр сауып жүремін бе деп қорқатын болар.
Мен оның ешқайсысынан да кашпас едім.Сіз оның жұмысына қарамаңыз Екі қолға бір күрек табылар, Бастысы жігітім ЖІГІТ деген атқа лайықты, түсінігі мол, адамгершілігі бар адам болса болғаны.
бирыншыден кешырым сораимын  катты тиып кетсе созым

   есектын жугы женылдеген саиын жатаган келеды деген    оздеры ауылдан шыгып ауылдан кашатындар копкои
Белгісіз
Әрине дұрыс айтасыз өздерінің қайдан шыққандарын білмейді, сонымен келіп қаланың жігіттерін көздейді. Ол жігіттердің ауылдың жігіттерінен қай жері кем айтыңызшы?..тусінбеймін,қазіргі қыздардың көздегені не нәрсе?
Ойланыңыздар қыздар ауылдың қарапайым қара домалақ баласына ешкімде жетпейді !
 Ал НУРМАК сізге келетін болсам сайттың ережесінен ешкімде аттап кете алмайды, сондықтан әріптерді қазақша шрифтмен  жазсаңыз!
менде казакша арып жоккои амал жок ренжименыздер
Белгісіз
0 дауыс
«Генерал болуды армандамайтын солдат жоқ» дегендей, болашағынан үлкен үміт күтіп, ертеңінің жарқын боларына сенімі кәміл аруларымыздың көбі ауылға тұрмысқа шыққысы келмейді. Бәрі салтанаты келіскен зәулім үйде, әрине, қаланың қақ ортасында қызу өмір сүргісі келеді. Себебі неде? Оған себеп көп. Соның біразын бүгін бірге талқылайық. Қазақ қызы ауыл тұрмысынан неге қашады? Қыздар тарапынан жауап беруге, ойларын ақтарып көруге тырысып көрелік.

Ауылда өзіңмен-өзің бола алмайсың деп ойлайды. Қаладағы аядай ғана бір-екі бөлмеде ерлі-зайыпты болып оңаша тұрып, өз балаларын да сол үйде өсіруді армандамайтын бойжеткен аз шығар. Ауылда топ-топ ағайын туыс бар, көрші-қолаң бар, басқа да келім-кетім бар деп ойлайды да, ондай тұрмысты жандары қаламайды. Таңертең жұмысқа кетіп, кешке өз отбасымен ғана бас қосып тып-тыныш ұйқыға кету – армандары.

Ауыл әйелді тоздырып жібереді деп ойлайды. Өздерін үнемі ауылдың келіншектерімен салыстырып отыратын бойжеткендер ауылға күйеуге шықса, күтімсіз қаламыз деп ойлайды. Олардың ойынша, ауылда дене-бітімің мен келбетіңе қарайтын уақыт болмайды. Болса да, жандарына керек сұлулық салондары мен массаж және фитнес клубтарынан қапы қаламыз деп ойлайды.

Ауылдың тірлігі бітпейді деп ойлайды. Таңнан қара кешке дейін қыбыр-қыбыр тіршіліктен қолы босамайтын ауылдың келіншектерін көргенде өздерінің де болашақта ауылда бітпейтін тірліктің жетегінде жүрерін елестетіп шошиды. Сөйтеді де, ауылдың жігітінен гөрі өзіне көпқабатты үйлердің екі немесе үш бөлмесінен өмір сыйлайтын қаланың жігітін таңдайды.

Ауылда жұмыс жоқ деп сылтау айтады. Өздерінің ЖОО-да оқыған мамандықтарының ауылда болмағандығын және ондай кәсіптің болашақта қарастырылмайтынын сылтауратып, ауылға ат басын бұрудан жалтарады.

Ауылда болашақ жоқ деп ойлайды. Ауылды даму мен өркендеуден жұрдай деп түсінетін қыздар үшін ауылда тұратын жігітке тұрмысқа шықсаң, бір орныңда қалып қоясың.

"Массагет" сайтынан алынды.
0 дауыс
Егер күйеуің генерал болғаның қаласаң, солдатқа шық демекші,күйеуіммен ауылда тұратын болсам, қайткенменде қалаға сүйретемін.Кейін ата-анасың да әкелемін.Ердің басын көрге сүйрейтін де,төрге сүйрейтін де оның әйелі деген сөзбен нүкте қоямын!
...