+3 дауыс
1.5k көрілді
Ерте тұрмысқа шығып кететін қыздар көбейіп кетті.Бұған қалай қарайсыздар?Неліктен?

9 жауап

+5 дауыс
Осы айда дос қызым үйленді ( ақиқат) ___ 92 жылғы...Себеп: күтпеген екі қабаттылық.
Алдыңғы жылы Досымның сыныптас қызы үйленді. 93 жылғы... Себеп: күтпеген екі қабаттылық.
Осымен доғарайын....негізгі жауаптардың бірі  ретінде осы КелеңсіздіктІ айтар едім.
Бақытты болсын.....
Бірақ 92-93тер ендігі уақытты ұзатылып кетіп жатырғой,біздің жақта 96-95тер кету сәнге айналды...Бақытты болсын...
Барі жастықтан ғой.... иманды болайық бауырлар!
0 дауыс
Бұл дұрыс емес! Себебі алдымен оқуды бітіріп, содан соң барып күйеуге шығу керек деп ойлаймын! бұл менің өз ойым. Бірақ қазір қыздар күйеуге шықпай жүкті болып қалып жатыр. Содан олар ерте күйеуге шығып жатыр:S
+3 дауыс
Иманды ұл, ибалы қыз көбейсе қазақта, мұның біріде болмас деп ойлаймын! бір жағы ата ана кінәлі ұлымен қызын емен еркін жіберіп қояды, бастысы қазақи тәрбиенің азайып бара жатқандығында болып тұр ғой!
Мен осы жаңа жылды тойлау деген жынойнаққа қарсымын, осы жаңа жылдың маған силаған ең керемет силығы да осы болды, Алиш айтқандай меніңде жақсы достарым деп журген екі қыздың сол жаңа жыл түнінде екеу болып тойлауға барып, екі қыз тоғыз айда төртеу бола салды. бұл ащщы болсада шындық!
Енді не дейміз? қыздарымыз қылықты, ұлдарымыз ұлтжанды болсын!
+1 дауыс
Саналы түрде тұрмысқа шыққан дұрыс сияқты, қай жаста болса да. " Оң - солын" танымай жатып, сезімнің жетегінде кетіп ерте тұрмысқа шығуда деп ойлаймын.
Әркім өз тағдырына жауапты ғой, бәрі жоспарлы түрде болғаны жөн деп есептеймін.
+2 дауыс
Үйіндегі тәрбиеге байланысты, сондықтан өз қара бастарына өздері жауап берсін... Ақыл айтсаң қыстырмай шыға келеді отқа түскен терідей боп.
+1 дауыс
Дұрыс емес негізі, ерте тұрмысқа шыққандардың организмі ерте бұзылады, жоғарыда айтылғандар да рас-ау, не деген сорақылық, неткен бейбастылық, неткен арсыздық - деп отырыыып алып қыздарды жамандай беруіміздің пайдасы шамалы ақ, әркімге әрқалай жағдайына байланысты негізі
Негізі дұрыс, сен қателестің. Кейін уақыт келгенде, ойың өзгерер.

Қыздарға, 17-21 жас аралықта күйеуге шыққан дұрыс, кейін бұзылып ойы басқа жаққа кетеді, жігіттердікі 25-ке дейін.
0 дауыс
Иа көбісі ерте шығып жатыр оған сбепе жүктілік
0 дауыс
Залет болып шығады көбіне.
0 дауыс
Қыздың екіқабат болуынан, жігіт қызды тыстап кетеді деген ойлар ерте тұрмысқа шығуды талап етіп отыр.
...