0 дауыс
719 көрілді
Бойжеткен қыздар не себепті ауылдық жерге тұрмысқа шығып, онда тұрудан яғни, сиыр сауудан аулақ ұстанады?

4 жауап

0 дауыс
Қорқатын шығар. Мəселен сиыр түгел мысық, иттердің жанына жолауға қорқатын қыздар да бар
Қорқатындай Москвадан. Санкт-Петербургтан, Парижден келіпті ма? Қазақстанда үлкен 3 ақ қала бар, Алматы, Шымкент, Қарағанды болды басқалары ауылдардан қандай айырмашылығы бар, үлкен село ғой бәрі, тәлпіштенбей ақ қойсыншы, жаздай ауылда жүреді ғой каникулда сиыр қайтарып. Ал Астана болса жақында ғана қала болды.
Əркімнің өз фобиясы бар. Ол қайда тұрғанына байланысты емес. Енді өмірінде малға жолап көрмесе не істейді. Ауылдағылар да қалаға келіп техниканы сразу игермейді ғой уақыт керек. Сол сияқты.
Ой-ой-ой !!! техниканың бәрі ауылда ғой, қандайы керек. Қалада жеңіл көліктен басқа не бар?
Қуып кетпеш.
Мен ауылды жамандаған жоқпын. Болды ештеңе жазбаш ашуыма тиіп. Сөздерің дым ұнамай тұр. Жігіт болсаң осы жерден тоқта сөз таластыра бермей
Дас ис фантастишен! гуд!гуд!
+4 дауыс
Оның басты себептері бар.Олар сиырдан қорықпайды, олар ауылдың қыруар қиын жұмысын істеуден қашады, қаланың жеңіл өмірінің бергі жағын көріп қалғандар ғой, бала кезінен. Бірақ олар қаланың да қиын жұмыстары бар екенінен бейхабар, істеп көрмеген. Олар да тұрмыс құрып балалы болған соң, өздері біраз еңбектенген соң түсінеді ауылды да қаланы да. Сиыр саууға жүгіретін болады біраз өмір көрген соң. Балаларына  экологиялық таза қаймақ,айран-сүт, май,ірімшік-сыр, творг,құрт керек болады, оны жемеген бала қалай өседі? витаминнің бәрі сүтте деп,ойланатын болады әлі.

Бәрі де жастық-шақтың әсері ғой, әдемі болып жүргісі келеді,тырнақ бояп,күнге күймей,таза киініп,күтініп дегендей. Бірақ өмір өзі көрсетеді, адамның дегені бола бермейді.
+2 дауыс
мен ойлаймын, ол анасының толық тәрбие бермеуі деп, өйткені қазіргі бойжеткендердің көпшілігі тұрмысқа шығуға теориялық түрде мүлдем дайын емес және өмірлерінде қиыншылық көрмей өскен, қазіргі интернет пен айфоннан басқа ештеңе көрмеген. Негізі ата-аналар балаларын кішкентайларынан ауылға ата-әжелеріне жіберіп, далада жалаң аяқ ойнап жүгіріп, ауылдың тыныс тіршілігімен танысу міндетті түрде қажет.
0 дауыс
Мен өзім ауылдық жерге барғым келмейді, өйткені бір түрлі. Жәй барып көргеннің өзінде, мейлі үй шаруасы, тірліктерден қашпайсыңғо, тұрғындары да қаланыңкыне ұқсамайды, кішкене айырмашылық бар, әйел жағы да еркектері де өсекке жақын, бір үйде бір нәрсе болса, бүкіл көрші хабардар болады, оның несі жақсы. еее СубханАллаһ
...