Шындықты айтайын, ауылдың жігіттері әдетте ынжықтау келеді. Мен де осында жауап берген қыздардық жасында дәл солай ойлайтынмын мейлі ауыл, мейлі қала деп, дегенімен көзім жетті. Бір ауылдың жігіті соңымнан қалмай жүрген, ол ауылдың баласы еді, егер оны жақсы көрсем ауыл екеніне де қарамас едім, алайда ол көңілімнен шыққан жоқ. Неге дейсіз ғой, ол маған тұрмысқа шығуға ұсынас жасады мақсаты қол жеткізсе болды. Одан кейінгі өмірін ойлаған жоқ, біріншіден, ол жұмыссыз, екіншіден, ауылда жұмыс жоғын өзі мойындады, ал айтқан сөзі "сенің артыңнан кетемін" дейді. Сонда бізге баспананы менің ата-анам алып береді немесе квартира жалдап тұрамыз. Мұндай ынжықтықты көріп пе едіңіз? Тіпті Құранда жазылған ғой, еркектер әйелдерін және бала-шағасын асырауға міндетті деп, ал әйел адам бала-шағасына жақсы тәрбие бергені керек. Ал қаланың жігіттері де асып-тасып тұр дей алмаймын, жалпы ауылда да, қалада да әйелдің дипломына қарап отырғандар баршылық. Жүрегінде түгі бар жігіттер кемде кем, сол айтпақшы оларға лайық қыздар да некен-саяқ....