0 дауыс
5.1k көрілді

Баршаңызға сәлем. Менің жасым 21 де. Ұл б аламын.Ешқашан қызбен жыныстық қатынасқа түскен емеспін.  Мен 7 жылдан бері мастурбация жасап келемін. Алғашқы жылдары оны жиі жасайтынмын. Күнде жасайтынмын. Уақыт өте келе оның денсаулыққа зиянды екенін біліп анда санда жасайтын болдым. Осы 7 жыл ішінде өте арықтап кеттім.  Қазіргі уақыттағы салмағым 50 кг. Одан көп болған емес. Тамақты көп жеп енді 2-3 кг салмақ қостым дегенде қайтадан нәпсәмді жіберіп қойып мастурбация жасап қойып қайтадан арықтап кетемін. Мендегі мәселе жыныс мүшем өспей қалған.7 жыл алдыңғы көлемінен аспай қалған.  Хирургтарға қояр сұрағым: Енді не істесем болады? Жыныс мүшемді восстановить етуге болады ма????

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Baribar.kz "Интим: 16+" айдарын жүргізіп, оқырманды толғандырған сұраққа жауап іздейді. Алғашқы тақырып жыныс мүшесіне көңілі толмайтын ерлер туралы болмақ.

Baribar.kz порталында “Сұрақ-Жауап” платформасы жұмыс істейді. Онда оқырман өзін мазалаған, қызықтырған сауалын қойып, өзге қолданушылардан жауап алады. “Денсаулық” санаты бойынша қойылатын сұрақтардың арасында жыныстық қатынас пен одан жұғатын ауру туралы сұрайтындар көп, жыныс мүшесіне көңілі толмайтын еркектердің де аз емес екенін байқадық. Оған мысал ретінде төмендегі хатты айтсақ болады:

Жасым 25-те. Жыныс мүшемнің ұзындығы – 10 сантиметр, тағы да 4 сантиметрге өсіргім келеді. Операциясыз жыныс мүшесін қалай өсіруге болады? Көмектесіп жіберіңіздерші.

Оқырман сауалына уролог-андролог Нұрлан Мұқанов жауап береді.

Операциядан кейін барлығы керемет болып кетпейді

Нұрлан Ерлжанұлы, уролог, андролог, дәрігер

Уролог-андролог дәрігер Нұрлан Елжанұлы. Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Жыныс мүшесінің қалыпты өлшемі қандай? Еркектерге қай кезде оны үлкейту туралы бас қатыруға болады?

Еркектің жыныс мүшесі 5-10 сантиметрдің арасында қалыпты саналады. Егер 5 саниметрден кішкентай болса, ол кіші жыныс мүшесіне жатады, медицинада оны “микропенис” деп атайды. Негізі өз мүшесін кішкентай деп санайтын еркектердің 95%-ында ол қалыпты, мұны уролог-андролог дәрігерлердің практикасы дәлелдеп отыр. Жігіттерге мұндай ой достарымен бассейнге, моншаға барғанда немесе порно видеоны көп қарағаннан келуі мүмкін.

Еркек әйелдің алдында өзін сенімді ұстағысы келеді, бір жағынан, жыныс мүшесінің әдемі көрінгенін қалайды. Осы синдромнан зардап шегетін еркекте “Әйелдің күлкісіне қаламын ба?” деген қорқыныш болады. Бірақ әйел үшін еркектің жыныс мүшесі аса маңызды роль атқармайды. Оған мысал ретінде Калифорниядағы зерттеу нәтижесін айтсақ болады. Мамандар жүргізген онлайн сауалнамаға 52031 адам қатысқан.

Еркектердің 66%-ы өз мүшесін орташа деңгейге жатқызса, 22%-ы үлкен деп есептеген. Респонденттердің 12%-ы мүшесінің кішкентай екенін мойындаған. Ал сауалнамаға қатысқан әйелдердің 85%-ы өз жұбының мүшесі ұнайтынын және оның үлкендігі аса маңызды емес екенін айтқан.

Жалғасын мына жерден оқи аласыз. Интимдік, жыныс мәселелеріне қатысты басқа сұрақтарды Baribar.kz-тің Интим 16+ айдарынан қараңыз.

+1 дауыс

Жыныстық мүшенің эрекция кезіндегі, яғни тұрған кездегі ұзындығы 10-18 см. Орташа есеппен 13,2 см болады. 7,5 см кіші мүшелер өте сирек болады. Сондықтан жігіттердің көбі бұл мәселеге бас қатырмаса болады.

Түрлі мүше өсіру жарнамалары адам денсаулығына және қалтасына зиян. Пенисті тек операциялық жолмен ғана өсіруге болады. Оны да көп жағдайда мүшеге қандай да бір зақым келген кезде жасайды.

Сауалнама нәтижелеріне қарасақ, жігіттердің 55 пайызы өз мүшесінің ұзындығы ұнамайды екен, ал әйелдердің 85 пайызы партнерларының мүше ұзындықтарына көңілі толады.

Сондықтан уайымдайтын ештеңе жоқ.

Толығырақ: http://1001surak.kz/erkek-zhynys-mushesin-osiruge-bola-ma/

...