+5 дауыс
65.7k көрілді

Ғылымдағы мастурбация яғни, «жасырын әдет» өзекті тақырыптардың бірі. Осы күні ол туралы тартыс үдей түсуде. Біз бүгін осы тақырып төңірегінде сөз қозғауды жөн санадық.

«Жасырын әдет» дегеніміз не?

«Жасырын әдет» — бұл адамның өз жыныс мүшесімен «ойнауы» арқылы ләззат алуы. Яғни, қыздар қолы немесе басқа да құралдардың (фаллоимитатор) көмегімен төсін, күйттігін (клитор) аймалайды. Осы арқылы жыныстық қатынастағы тояттауға (оргазм) қол жеткізеді.

«Жасырын әдетті» кім жасайды?

Барлығы! АҚШ зерттеушілерінің сауалнамасына жауап берген әйелдердің 89% пайызы оны мойындаған көрінеді. Ол ғалымдар сіз өмір сүріп отырған қоғамның да пайызы осы көрсеткішке жақындайтынына сенімді болып отыр.

Әдетте, бұлай «ләззат» алатындар жалғызбасты қыздар мен әйелдер көрінеді. Тіпті, кейде күйеуі бар әйелдер де «жасырын әдетпен» айналысады.

«Жасырын әдетті» неге жасайды?

Бұл адамдардың сексуалды қажеттілігін қанағаттандыруға, тыныштандыруға, рахатқа бөленуіне мүмкіндік береді. Сексологтардың бір тобы, өз серіктесінен ләззат алмайтын әйелдерге «жасырын әдетпен» айналысуды ұсынатын көрінеді. Сонымен бірге, мастурбация өзіңнің денеңдегі нәзік тұстарын сезіп, қалай қатынас жасаған ұнайтынын білуге көмектеседі-міс.

«Жасырын әдетті» жиі қайталау қауіпті ме?

Бұл әдетпен айналысатындар оны күн сайын немесе күніне бірнеше рет, кейде апта сайын, болмаса ай сайын жасауы мүмкін. Ал, кейбір адамдардың оған мүлде мұқтаждығы жоқ. Дәрігерлердің айтуынша, бұл құбылыстардың бәрі қалыпты, әрі қорқынышты емес. «Тек, үнемі сол кездегі «ләззатты» аңсап, ойлап тұратындарға қалыпты өмір сүру қиын болады»-, дейді.

Дұрыс па?

Қазіргі таңда ғылым мастурбацияны дұрыс, қалыпты жағдай деп мойындап отыр. Ол денсаулыққа аса қауіпті емес, әрі зиян тудырмайды. Дегенмен, көпшіліктің ортасында «жасырын әдетпен» шұғылдану және үнемі сол туралы ойлап тұру жақсы емес. Бұл жағдайда мамандармен кеңескен дұрыс.

Бұл қазақ қоғамында «жабық тақырыптардың» бірі. Өзіңді- өзің ләззатқа бөлеу туралы айту біздің менталитетімізге жат құбылыс. Оны дін де қолдамайтынын белетін боларсыз. Осы мәселенің алдын алу мақсатында, «жасырын әдет» тақырыбын талқылауға келісер ма едіңіз?

9 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Жаман әдеттен қалай құтыламын?  

Ешқашан ешкімге айтпайтын, айтуға қысылатын «жабық» тақырыптар болады. Әңгіме жасырын әдеттер жайлы… Осы жолы «Ержеттім… Бойжеттім…» айдарына екі бірдей хат келіп түсті. Екеуі де жоғары сынып оқушыларынан. Оңтүстік Қазақстан облысындағы алыс ауылдан хат жазған оқырманымыз өзінің бір жаман әдеттен арыла алмай жүргенін жазыпты. Ашығын айтқанда Б. есімді 11-сыныптың оқушысы мастурбация жасауды әдетке айналдырған екен.

«Мен бұл сырымды ешкімге айта алмаймын»,– деп басталыпты оның хаты. Өткенде төсекке жіберіп қоятын балалардың да хатын жариялап, дәрігердің ақыл-кеңесін бердіңіздер ғой. Менің де атымды жарияламайды деп үміттенемін. Бұл әдетті қалай бастағанымды да білмеймін. 7-сыныптың жазғы демалысында мүмкін ол жыныстық құштарлық шығар, әйтеуір менде бір өзгеріс болды. Содан үйкеліс арқылы, кейде жыныс мүшемді уқалау арқылы құштарлығымды басуды әдетке айналдырдым. Теледидардан сериалдар көріп отырғанда қыз бен жігіттің сүйіскенін, жақындасқанын көрсем шыдай алмай, осындай әрекетке баратынмын. Артынан ұятсыз іс істеп, күнәға батқандай өзімді кінәлі сезініп жүремін. Күнәмді жуып-шаю үшін біраз күн жақсы адам болып, дұрыс жүруге тырысамын. Бірақ, құштарлық бойымды кернегенде жаман әдетке қалай бой алдырғанымды білмей қаламын. Содан өзімді кінәлау сезімі қайта басталады. Қазір 9-сыныпта оқимын. Сенесіздер ме, міне, 2 жылдан бері осы әдетті жасаймын. Жыныстық қатынас жасап, ерте кезден төсек қатынасына барған жоқпын ғой, менікі әншейін құштарлықты басуға бағытталған шаруа деп өз-өзімді жұбатамын ылғи. Кейде күнәлі іс жасағандай өз-өзімді түсінбей кетемін. Біреу біліп қоймаса екен, сезіп қоймаса екен деп, үнемі үрейленемін де жүремін. Жұрт көзінен тасада, ешкім жоқта байқатпай істегендіктен, осы уақытқа шейін бақытыма орай, жасырын әдетімді ешкім білген емес. Түсінесіздер ме, мен мұны ешкімге де айта алмаймын. Әке-шешеме де, ағаларыма да, тіпті ең жақын досыма да. Әрбірден соң не деп айтамын?! Сіздер мені жаман бала деп қалмаңыздар. Сабағымды жақсы оқимын, оқу озатымын. Бір сөзбен айтқанда, сыныпта бәріне үлгі болып жүрген оқушымын. Сөйте тұра, істеп жүргенім мынау… Бұрын мен ауру шығармын, бәлкім, деп қорқа беретінмін. Жақында интернетте отырып, менің істеп жүрген «тірлігімнің» «мастурбация, онанизм» аталатынын білдім. Жаман әдеттен арыла алмай жүрген жастар форум ашып, талқыға салған екен. Түгел оқып шықтым. Көпшілігі менімен жағдайлас. Біреу мастурбациямен аптасына бір рет, біреу айына бір рет айналысады екен. Бірақ ешкім де бұл әдетті қалай қоюға болатынын жазбаған. «Ақ желкен» журналы, сіздерден өтінерім, «мастурбация» зиян емес пе, мен болашағыма алаңдаймын. Жаман әдеттен қалай арылсам болады?! Маған не болды өзі?».

9-сыныпта оқитын Б-ның хатын оқығанда шыны керек, айран-асыр қалдық. Біріміз ондай да болады екен-ау деп таңырқасақ, біріміз бұл балаға шынымен көмек керек дестік. Ұят деп бұл тақырыпты жылы жауып қоюдың жөн еместігі анық еді. Бір ғана Б. емес, бұл әдет жасөспірімдердің басқаларының да басында болуы мүмкін. Сондықтан да «ұят» тақырыпта ашық әңгіме бастап, мамандардың кеңесін ұсынып отырмыз…

Қайрат Нұртуғанұлы, Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының дәрігер-урологы:

Б-ның басындағы жағдайды ононизм деп атайды. Яғни мастурбация жасауға әдеттену. Мастурбация, онанизм дегеніміз – жыныстық қатынассыз-ақ құштарлықты қандыру яғни ұрықты жыныстық қатынас жолынан басқа жолмен шығару. Бұл үйкеліс арқылы, қолмен сипау, ұқалау арқылы болуы да мүмкін. Мұны «жасырын әдет» деп те атайды. «Бел суытудың» бұл әдісіне бой үйретіп алудан мүлде аулақ болу керек. Өйткені, ұрық қолмен ойнау арқылы ғана шығуға әдеттенеді.

Негізінен бұл әдетке үйреніп алғандар кейіннен қоя алмай әлек болатыны шындық. Б-да екі жылдан бері сөйтіп қиналып жүр екен. «Мен аурумын ба деп ойлаймын кейде» деген қорқынышын да жазыпты ғой. Бұлай қорқудың қажеті жоқ. Мұндай ой ең алдымен өзіне зиян, жүйкеге түсетін психологиялық жүк.

Дәрігер ретінде айтарым, ер баланың жыныс мүшесінің басы аса сезімтал келеді. Қосылу кезінде ол ұрық безіне белгі беріп, нәтижесінде белгілі мөлшердегі ұрық еркектің қуық асты безінен шығатын сұйықтықпен араласады. Осы сұйықтықтың шығуымен құмарлық басылып, тынышталады. Егер адам жыныс мүшесімен ойнай берсе, үрпісінің терісі қалыңдап, сезімталдығы бәсеңдейді және қуық асты безінің сұйығымен араласпаған ұрық пайда болады. Егер ұрық сұйықтықпен араласпаса, құмарлықтың басылуы уақытша ғана болады. Б-ның мастурбацияға әдеттеніп, жаман әдетке бой алдырып қоятыны содан. Мастурбацияны жиі жасау зиян. Өйткені онанизммен айналысу салдарынан үрпінің сезімталдығы әлсірейді. Үрпісінің сезімталдығы әлсіреген жігіттің кейіннен жыныстық қатынас жасауға үйренуі екіталай. Мастурбацияны жиі жасау ер баланың еркектік қабілетін төмендетеді. Мастурбация кезінде құштарлыққа қатты беріліп кетіп, жыныс мүшесін зақымдап алу да қаупі бар. Өйткені, тым көп күш түсіру ерлердің жыныс мүшесінің «сынуына» әкеліп соқтырады. Сондықтан мұндай зиянды әдетті жасамаған дұрыс.

Жасырын іспен айналысып, жаман әдеттен арыла алмай жүрген Б-ға психологтың да кеңесінің керек екенін ескеріп, Республикалық ғылыми-практикалық психотерапия орталығының психологы Жұлдызай Әлиеваға Б-ның бізге жазған хатын оқыттық.
Жұлдызай Әлиева, психолог:

Мастурбация, онанизм сынды әдеттер сексуалды әуестіктен бұзылуынан болады. Жыныстық қажеттілік адамның биологиялық, физиологиялық қажеттіліктерінің бірі. Сексуалды қажеттілік кей жағдайда онанизммен өтеледі яғни өзінің жыныс мүшесін сипау, ұстау, қозғау, сондай-ақ өзіне ұнайтын әрекеттер арқылы ләззат алу. Онанизм әртүрлі жаста бола беруі мүмкін. Тіпті ересектерде де. Гормондардың ойнауы кезінде шыдай алмай адам осындай әрекетке барады. Біреулер мұны әдетке айналдырады, енді біреулер уақыт өте келе қойып кетеді.

Б-ға айтарым, жаман әдетке бой алдырдым деп, өзіңді үздіксіз кінәлай берме. Жасаған жасырын әдетің айналаңа, жақындарыңа орасан зиян келтіріп, өмір сүруіңе кедерге жасап жатқан жоқ. Бастысы осыны ескер. Бірақ бұл онанизммен айналыса беруге болады, оның зияны жоқ деген сөз емес. Ең алдымен мұндай әдетке сен қалай бардың, бәрі неден басталды, әуелі осы төңіректе ойлан. Өйткені, онанизмге бой алдырудың негізгі себебі, сенің айналаңда болып жатқан стресстік жағдайлар болуы мүмкін. Толыққанды емес отбасында тәрбиеленген, ұрыс-керіс жиі болатын отбасылардың балалары онанизмге жиі бой алдырады. Әрі балаға үлкендердің назары, жылулық жетіспегеннің де салдары осындай әдетке жетелейді. Көбіне тұйық, жан сырын ешкімге айтпайтын, ішкі қыжылы бар балалар жасырын әрекеттерге барады. Б . күнә жасап қойдым ба деп, ұзақ уақыт өзімді кінәлап жүремін депті хатында. Адам теріс қылық жасаған кезде өзін кінәлі сезініп, қоғамнан, өзінің ортасынан алыстай бастайды. Өзін кінәлі санау адамның ішкі сенімділігін жоғалтады. Сондықтан Б-ға үнемі достарымен, жақындарымен бірге болып, олардан алыстамау қажет. Уақытының көп бөлігін жақындарымен өткізіп, жалғыз қалмауға тырыссын. Жалғыз қалса, ол тағы да жаңағыдай әрекетке барып қоюы мүмкін. Әрі Б-ға эндокринолог, сексопатолог, психиатр, психолог мамандармен жұмыс жасау керек. Арнайы мамандардың көмегімен ғана жасырын әдеттен арылуға болады. Сондықтан уақыт оздырмай, Б-ға мамандарға көрін дегім келеді. Дәрігерлер сенің жаныңды түсінеді, әрі кез келген адамның құпиясын сақтай алады. Бұған сен! Ата-анаңа айтудан да қысылма, олар сені түсінеді деп ойлаймын…

ДОСТАРЫМ «ИМПОТЕНТ» ДЕП МАЗАҚТАЙДЫ…

ШЫНЫМЕН СОНДАЙ ЕМЕСПІН БЕ?

Редакциямызға тағы бір тосындау хат келіп түсті. Ақмола облысындағы Бестөбе елдімекенінен келген хатта жоғары сыныптың оқушылары бір-бірін «импотент» деп мазақтауды әдетке айналдырыпты. Бізге хат жазған оқушы сыныптастарының келемежінен шаршапты.

«Достарым мазақтай берген соң соңғы кезде мен шынымен де белсізбін бе деп күмәндана бастадым. Өзім әлжуаз, арық баламын. Мүмкін достарым бірдеңені біліп мазақтайтын шығар. 11-сыныпты бітіргелі тұрмын. Сыныптастарым қыздарға сөз салып, достасып та үлгерді. Маған да ұнайтын қыздар бар. Олардың жанына жақындап, қолынан да ұстап көрген емеспін. Содан да кейде достарым мазақтағандай мен «импотент» емеспін бе деген ойға кетемін», – дейді Ж.

Жаңа ғана бозбала шаққа қадам басқан, он бестен енді асқан баланың өзін «белсізбін» деп сезінуі достарының келемежін көңіліне алып, содан болған алаңдаушылықтан болған ғой деп топшыладық.

Ал уролог дәрігер Қайрат Нұртуғанұлы: «Импотент деп медицина тілінде жыныстық тұрғыдан әлсіз, белсіз еркекті айтады. Жас балалардың бір-бірін бұлай мазақтағаны дұрыс емес», – дейді. «Ж-ның басындағы жағдайға салғырт қарауға болмайды. Өйткені медицинада псевдоимпотенция деген түсінік бар. Псевдоимпотенция – ер адамның жыныстық мәдениетінің төмендігінен өзінің бойында ешбір бұзылыс болмаса да, белсізбін деп сезінуі, өзінің еркектік күш-қуатына күмән келтіруі. Ж. достары мазақтай берген соң, қорқыныштан өз-өзіне күмән келтіретін болған. Ол небәрі 11-сыныптың оқушысы, сондықтан мұндай ойдан ада болғаны дұрыс», – дейді..

Ал психолог Жұлдызай Әлиева мынадай кеңес береді.

Жасөспірімдердің бір-бірін негативті сөздермен келеке етуі өтпелі кезеңге тән құбылыс. Бірақ, хат жазған Ж. 11-сыныптың оқушысы екен. Оның сыныптастарының да ақыл тоқтататын кезі. Достарының келемежі Ж-ның өз-өзіне сенімділігінің төмендеуіне әсер еткен. Бәлкім, сол себепті өзін «импотентпін» деп ойлайтын шығар. Айналасындағыларға өкпесі оны жаман әдеттерге бастауы мүмкін: сабағын оқымай, барлық іске салғырт қарау, өмір сүруге деген құлшынысының төмендеуі, темекі шегуге әуестеніп, соңы ішімдіктен жұбаныш іздеуге соқтыруы мүмкін. Тіпті келемежден, мазақтан шаршаған бала өз-өзіне қол салуы да мүмкін. Сондықтан оқушылар бір-бірін мазақтамағаны абзал. Сыныптастарының келекесі Ж-ны өзінің еркектік күш-қуатына күмән келтіруіне әкеп соқтырған. Арық, әлжуаз болғанға бола, менің ерік-жігерім, күш-қуатым аз екен деп ешқашан ойлауға болмайды. Ж-ға айтарым – болымсыз дүниелерді көңілге алып керегі жоқ. Сен жассың, енді ғана бой түзеген баласың, мұндай негізсіз нәрселермен жаныңды ауыртпағаның дұрыс. Ал егер шынымен де күш-қуатыңның жеткіліксіздігін байқап, соған алаңдаушылық білдіріп отырсаң, онда саған сексопатолог дәрігерге көріну қажет.

«Ұят» та болса, шетін мәселелерді қозғап, мамандардың кеңесін ұсындық. Жас дос, егер осындай көңіліңді алаңдатқан, шешімін таба алмай жүрген мәселелер болса, «Ержеттім… Бойжеттім…» айдарына жазып жібер. Біз ашығын айтамыз. Қысылып, қымтырылғанша, жаман әдеттерден жиреніп жүрген, зиянды әдеттерді білген дұрыс өйткені…

Дайындаған
Қарлыға Ибрагимова
+3 дауыс
Өзіңнің басқа адамға жағымсыз әдетіңді жасыруды жасырын әдет дейді
+2 дауыс
Өзінің басқа көрсеткісі келмейдін әдетін, жасырын әдет дейді.
0 дауыс
Анонизммен айналысу шығар.
Анонизм — от слова «Аноним» (не путать с «Онанизм») — совершение Анонимусомразличных асоциальных действий в Интернете:
Троллинг — запускание тролля на форум, вЖЖ(Живучий Журнал).
Наложинг в комментинги — забивание какой-либо странички гневными, часто нецензурными комментариями, за которые Анонимус, как он считает, не получит наказания.
Флудинг — забивание форума никому не нужным мнением Анонимуса.
Анонимус, часто занимающийся Анонизмом, также считается «Анонистом» (не путать с «Онанистом»).
Жаман жасырын әдет екен
+2 дауыс
Жасырын әдет - ешкімге көрсетпей, жасырынып, тығылып істейтін, өзің қоя алмай жүрген әдет (жасырынып темекі шегу, жасырынып инетке кіру, жасырынып өзіңді қандыру т.б.). Жасырын әдеттің жақсысы жоқ, басқаға зияны тимесе де, өзіңе зияны көп. Өзіңді басқаруды үйренсең, жасырын әдеттің бәрін қоя аласың.
өзіңді қандыру деген су ішу ма?
Мастурбация, онанизм, наркомания, таксомания т.б.
0 дауыс

Мастурбация, онанизм дегеніміз – ұрықты жыныстық қатынас жолынан басқа жолмен шығару. Мұны кейде «жасырын әдет» деп те атайды. Себебі белгілі, көбіне-көп бұл іс сырт көзден таса, жасырын, жалғыз қалғанда, жыныстық мүшені үйкеліске түсіру арқылы жасалады. Исламдағы ғұламалар мұны харамға жатқызған. Алайда, онанизмнің харамдығы зинаның харамдығымен тең келмесі анық. Өйткені, әлдебір кісі осы екеуінің бірін жасамаса болмайтындай жағдайға жетсе, зинадан гөрі күнәсі жеңілдеу болғандықтан осы жолды қолдануына болады. «Бел суытудың» бұл әдісіне бой үйретіп алудан мүлде аулақ болу керек. Негізінен жаман әдетке оп-оңай үйреніп алғандар кейіннен одан құтыла алмай, әлек болатыны – шындық. 
Еркектің жыныс мүшесінің басы аса сезімтал болып келеді. Қосылу кезінде ол ұрық безіне белгі беріп, нәтижесінде белгілі мөлшердегі ұрық шығып, еркектің қуық асты безінен (простата) шығатын сұйықтықпен араласады. Ал осы сұйықтықтың шығуымен құмарлық басылып, тынышталады. Егер адам жыныс мүшесімен ойнай берсе, үрпісінің терісі қалыңдап, сезімталдығы бәсеңдейді және қуық асты безінің (простата) сұйығымен араласпаған ұрық пайда болады. Ал бұл – құмарлықты басатын сұйықтық. Егер ұрық бұл сұйықтықпен араласпаса, құмарлықтың басылуы уақытша ғана болады. Сосын ол қатта қозады. Нәтижесінде бұл адам екінші, үшінші, тіпті одан да көп шығаруға мәжбүр болады. Тіпті осының салдарынан мүшесі мен ұрық жолдарына зиян тиіп, қан шығып кетуі мүмкін. Бұл әлі «беті ашылмаған» жастарға өте қауіпті. Өйткені, онанизммен айналысу салдарынан үрпісінің сезімталдығы әлсіреген кісінің кейіннен жыныстық қатынас жасауға үйренуі екіталай. Себебі, онанизм салдарынан әлсіреген жыныс мүшесінің басы қынапқа кіргізгенде, қозбайтын болады. Яғни ұрық қолмен ойнау арқылы ғана шығуға әдеттенеді, өзі әйелімен кәдімгідей жыныстық қатынастан ләззат алмайды. Бұл өзіне де, әйеліне де зиянды. Екіншіден, әйелін қосылу жолымен қанағаттандыру – еркектің міндеті.

Жүргізілген сараптамалар нәтижесінде жер бетіндегі әйелдер мен ерлердің 95% жуығы мастурбациямен айналысады екен. 
Мастурбация кезінде денені зақымдап алу қаупі бар. Тым көп күш түсіру мен басқа заттарды абайсыз қолданғаннан жарақат (ерлерде – жыныс мүшесі «сынады», әйелдерде – жыныс мүше шырышының бүлінуі) болады.

Мастурбацияның зиянды жақтары:
1. Мастурбация кезінде адам ыңғайсыз кейіпте (поза) болады да, алдағы уақытта сол «үйреншікті» кейірте ғана тояттауға (оргазм алу) үйреніп қалады. 
2. Жыныс мүшелеріне түсетін күш жыныстық қатынаста түсетін күшке қарағанда әлдеқайда көп болғандықтан, қатынасқа түсетін серігіңізден ләззат алу қиындап, суый түсуіңіз мүмкін. 
3. Мастурбация жыныстық қатынаспен салыстырсақ, өте тез болады. Сондықтан жүйке тамырлары мен қан тамырлары дұрыс жұмыс істемейді.

Мастурбацияның пайдасы:
Мастурбацияны жиі жасаушыларда жұбайының (жарының) көзіне шөп салу, простатит ауруымен ауыру тәуекелдігі аз болатынын, сонымен қатар мастурбация – вагинит сияқты аурулармен күресу жолы бола алатынын мамандар растап отыр.

+1 дауыс

Қайрат Нұртуғанұлы, Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының дәрігер-урологы:

Б-ның басындағы жағдайды ононизм деп атайды. Яғни мастурбация жасауға әдеттену. Мастурбация, онанизм дегеніміз – жыныстық қатынассыз-ақ құштарлықты қандыру яғни ұрықты жыныстық қатынас жолынан басқа жолмен шығару. Бұл үйкеліс арқылы, қолмен сипау, ұқалау арқылы болуы да мүмкін.Мұны «жасырын әдет» деп те атайды. «Бел суытудың» бұл әдісіне бой үйретіп алудан мүлде аулақ болу керек. Өйткені, ұрық қолмен ойнау арқылы ғана шығуға әдеттенеді.

Негізінен бұл әдетке үйреніп алғандар кейіннен қоя алмай әлек болатыны шындық. Б-да екі жылдан бері сөйтіп қиналып жүр екен. «Мен аурумын ба деп ойлаймын кейде» деген қорқынышын да жазыпты ғой. Бұлай қорқудың қажеті жоқ. Мұндай ой ең алдымен өзіне зиян, жүйкеге түсетін психологиялық жүк.

Дәрігер ретінде айтарым, ер баланың жыныс мүшесінің басы аса сезімтал келеді. Қосылу кезінде ол ұрық безіне белгі беріп, нәтижесінде белгілі мөлшердегі ұрық еркектің қуық асты безінен шығатын сұйықтықпен араласады. Осы сұйықтықтың шығуымен құмарлық басылып, тынышталады. Егер адам жыныс мүшесімен ойнай берсе, үрпісінің терісі қалыңдап, сезімталдығы бәсеңдейді және қуық асты безінің сұйығымен араласпаған ұрық пайда болады. Егер ұрық сұйықтықпен араласпаса, құмарлықтың басылуы уақытша ғана болады. Б-ның мастурбацияға әдеттеніп, жаман әдетке бой алдырып қоятыны содан. Мастурбацияны жиі жасау зиян. Өйткені онанизммен айналысу салдарынан үрпінің сезімталдығы әлсірейді. Үрпісінің сезімталдығы әлсіреген жігіттің кейіннен жыныстық қатынас жасауға үйренуі екіталай. Мастурбацияны жиі жасау ер баланың еркектік қабілетін төмендетеді. Мастурбация кезінде құштарлыққа қатты беріліп кетіп, жыныс мүшесін зақымдап алу да қаупі бар. Өйткені, тым көп күш түсіру ерлердің жыныс мүшесінің «сынуына» әкеліп соқтырады. Сондықтан мұндай зиянды әдетті жасамаған дұрыс.

Жасырын іспен айналысып, жаман әдеттен арыла алмай жүрген Б-ға психологтың да кеңесінің керек екенін ескеріп, Республикалық ғылыми-практикалық психотерапия орталығының психологы Жұлдызай Әлиеваға Б-ның бізге жазған хатын оқыттық. 
Жұлдызай Әлиева, психолог:

Мастурбация, онанизм сынды әдеттер сексуалды әуестіктен бұзылуынан болады. Жыныстық қажеттілік адамның биологиялық, физиологиялық қажеттіліктерінің бірі. Сексуалды қажеттілік кей жағдайда онанизммен өтеледі яғни өзінің жыныс мүшесін сипау, ұстау, қозғау, сондай-ақ өзіне ұнайтын әрекеттер арқылы ләззат алу. Онанизм әртүрлі жаста бола беруі мүмкін. Тіпті ересектерде де. Гормондардың ойнауы кезінде шыдай алмай адам осындай әрекетке барады. Біреулер мұны әдетке айналдырады, енді біреулер уақыт өте келе қойып кетеді.

Б-ға айтарым, жаман әдетке бой алдырдым деп, өзіңді үздіксіз кінәлай берме. Жасаған жасырын әдетің айналаңа, жақындарыңа орасан зиян келтіріп, өмір сүруіңе кедерге жасап жатқан жоқ. Бастысы осыны ескер. Бірақ бұл онанизммен айналыса беруге болады, оның зияны жоқ деген сөз емес. Ең алдымен мұндай әдетке сен қалай бардың, бәрі неден басталды, әуелі осы төңіректе ойлан. Өйткені, онанизмге бой алдырудың негізгі себебі, сенің айналаңда болып жатқан стресстік жағдайлар болуы мүмкін. Толыққанды емес отбасында тәрбиеленген, ұрыс-керіс жиі болатын отбасылардың балалары онанизмге жиі бой алдырады. Әрі балаға үлкендердің назары, жылулық жетіспегеннің де салдары осындай әдетке жетелейді. Көбіне тұйық, жан сырын ешкімге айтпайтын, ішкі қыжылы бар балалар жасырын әрекеттерге барады. Б . күнә жасап қойдым ба деп, ұзақ уақыт өзімді кінәлап жүремін депті хатында. Адам теріс қылық жасаған кезде өзін кінәлі сезініп, қоғамнан, өзінің ортасынан алыстай бастайды. Өзін кінәлі санау адамның ішкі сенімділігін жоғалтады. Сондықтан Б-ға үнемі достарымен, жақындарымен бірге болып, олардан алыстамау қажет. Уақытының көп бөлігін жақындарымен өткізіп, жалғыз қалмауға тырыссын. Жалғыз қалса, ол тағы да жаңағыдай әрекетке барып қоюы мүмкін. Әрі Б-ға эндокринолог, сексопатолог, психиатр, психолог мамандармен жұмыс жасау керек. Арнайы мамандардың көмегімен ғана жасырын әдеттен арылуға болады. Сондықтан уақыт оздырмай, Б-ға мамандарға көрін дегім келеді. Дәрігерлер сенің жаныңды түсінеді, әрі кез келген адамның құпиясын сақтай алады. Бұған сен! Ата-анаңа айтудан да қысылма, олар сені түсінеді деп ойлаймын…

Маган осы мастурбациямен айналысканнан бери исип-исип Бир жара шыга Береди не истесем болады комектесинизши
0 дауыс
Жаланаш қыз т.б қарауға тиым салган видо сурет .Исламда тиым салған харам дейміз.Матрубатция бұл ауру,харам нәрсе көрсе,қозады.Аллаһ тағала, харам еткен нәрсеге,қарама сонда жазыласын,НАМАЗ оқы.
0 дауыс
Келисемин, бирак мастурбация полезно емеспе?
...