0 дауыс
7.7k көрілді
Мысалға ауыз берік кезде мастурбация жасап оразаны қаза қылып алса, және қаза кезінде тағы да жасаса оған міндетті түрде кафарат жасау керек пе?  Әлде қазасын өтесе жеткілікті ме?  Бір әңгімелерде "Бір рамазанда бір рет мастурбациямен ораза бұзып, соны басқа күні тағы қайталаса кафарат жасау керек депті" ал бір күнде яғни қаза кезінде тағы да жасаса кафарат жасау керек пе әлде қазаны өтесе жеткілікті ме?  Әбу ханифа мазхабы бойынша айтып беріңіздерші

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Сұрақ: Мастурбация оразаны бұзады ма, бұзатын болса қаза ма, әлде каффарат қажет пе?

Жауап: Оразаны бұзады, тек қаза ғана қажет. Бір Рамазанда екі рет мастурбация жасаған адамға каффарат та керек. Өйткені Рамазанның бір күнінде қазаны қажет ететін бір нәрсе істеп оразасын бұзған адам, басқа күнінде де дәл сол нәрсені қайтадан әдейі істесе, каффарат та керек болады.

Толық ақпарат:  https://www.islamdini.kz/articles/1163

...