Baribar.kz "Интим: 16+" айдарын жүргізіп, оқырманды толғандырған сұраққа жауап іздейді. Алғашқы тақырып жыныс мүшесіне көңілі толмайтын ерлер туралы болмақ.
Baribar.kz порталында “Сұрақ-Жауап” платформасы жұмыс істейді. Онда оқырман өзін мазалаған, қызықтырған сауалын қойып, өзге қолданушылардан жауап алады. “Денсаулық” санаты бойынша қойылатын сұрақтардың арасында жыныстық қатынас пен одан жұғатын ауру туралы сұрайтындар көп, жыныс мүшесіне көңілі толмайтын еркектердің де аз емес екенін байқадық. Оған мысал ретінде төмендегі хатты айтсақ болады:
Жасым 25-те. Жыныс мүшемнің ұзындығы – 10 сантиметр, тағы да 4 сантиметрге өсіргім келеді. Операциясыз жыныс мүшесін қалай өсіруге болады? Көмектесіп жіберіңіздерші.
Оқырман сауалына уролог-андролог Нұрлан Мұқанов жауап береді.
Операциядан кейін барлығы керемет болып кетпейді
Уролог-андролог дәрігер Нұрлан Елжанұлы. Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Жыныс мүшесінің қалыпты өлшемі қандай? Еркектерге қай кезде оны үлкейту туралы бас қатыруға болады?
Еркектің жыныс мүшесі 5-10 сантиметрдің арасында қалыпты саналады. Егер 5 саниметрден кішкентай болса, ол кіші жыныс мүшесіне жатады, медицинада оны “микропенис” деп атайды. Негізі өз мүшесін кішкентай деп санайтын еркектердің 95%-ында ол қалыпты, мұны уролог-андролог дәрігерлердің практикасы дәлелдеп отыр. Жігіттерге мұндай ой достарымен бассейнге, моншаға барғанда немесе порно видеоны көп қарағаннан келуі мүмкін.
Еркек әйелдің алдында өзін сенімді ұстағысы келеді, бір жағынан, жыныс мүшесінің әдемі көрінгенін қалайды. Осы синдромнан зардап шегетін еркекте “Әйелдің күлкісіне қаламын ба?” деген қорқыныш болады. Бірақ әйел үшін еркектің жыныс мүшесі аса маңызды роль атқармайды. Оған мысал ретінде Калифорниядағы зерттеу нәтижесін айтсақ болады. Мамандар жүргізген онлайн сауалнамаға 52031 адам қатысқан.
Еркектердің 66%-ы өз мүшесін орташа деңгейге жатқызса, 22%-ы үлкен деп есептеген. Респонденттердің 12%-ы мүшесінің кішкентай екенін мойындаған. Ал сауалнамаға қатысқан әйелдердің 85%-ы өз жұбының мүшесі ұнайтынын және оның үлкендігі аса маңызды емес екенін айтқан.
Жалғасын мына жерден оқи аласыз. Интимдік, жыныс мәселелеріне қатысты басқа сұрақтарды Baribar.kz-тің Интим 16+ айдарынан қараңыз.