0 дауыс
1.5k көрілді
Мен Шымкент қаласы әкімдігінің "Оралмандарды бейімдеу орталығында" экономист болып жұмыс істеймін. Менің міндетіме кадр маманының жұмыстары да кіреді. ҚР Еңбек кодексінің 139-бабында сауықтыру жәрдемақысы азаматтық қызметшілерге төленеді деген. Азаматтық қызметшілерге кімдер жатады? Біздің мекемедегі штаттан тыс қызметкерлерге, мысалы, экономист, шаруа меңгерушісі, іс-жүргізуші, күзетші, еден жуушы, көлік жүргізушісіне сауықтыру жәрдемақысы төлене ме? Техникалық қызметшілер, мысалы, еден жуушы, көлік жүргізуші, күзетші азаматтық қызметшілерге жатама?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Бірінші мәселе бойынша. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 196-бабына сәйкес қызметкер өзi еңбек қатынастарында тұрған бiр жұмыс берушiмен (негiзгi жұмыс орыны бойынша), сондай-ақ бiрнеше жұмыс берушiмен де қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасуға құқылы.

Негiзгi жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделiктi жұмыстың жиынтық ұзақтығы Кодекстiң 82-бабында белгiленген күнделiктi жұмыс уақытының нормасынан 4 сағаттан артық аспауға тиiс.

            Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартында жұмысты қоса атқару жөнiнде сiлтеме болуы мiндеттi.

            Кодекстің 199-бабына сәйкес қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негiзгi жұмысы бойынша демалыспен қатар берiледi.

            Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы басқа жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс берушi қоса атқарушы - қызметкердiң өтiнiшi бойынша демалыс ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақысы сақталмайтын демалыс бередi.

            Бұл ретте Кодектің 239-бабына сәйкес мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.

            Осыған орай, аталған жәрдемақы негізгі жұмыс орны (лауазымы) бойынша, сонымен бірге қоса атқаратын жұмыс орны (лауазымы) бойынша төленуі тиіс.

            Егер лауазымдарды қоса атқарған жағдайда (негізгі лауазым бойынша жұмыс уақытының шегінде), сауықтыруға арналған жәрдемақы төленбейді (қоса атқаратын жұмыс бойынша).

Осыған орай, сұрағыңызға нақты жауап алу үшін Сіз негізгі лауазымыңызды және қосымша атқаратын жұмысыңызды анықтауыңыз қажет.

Екінші мәселе бойынша. Сонымен бірге, Кодекстің 107-бабына сәйкес қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудiң кезектiлiгi жұмыс берушi қызметкерлердiң пiкiрiн ескере отырып бекiтетiн демалыс кестесiнде белгiленедi не тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс стажына:
            1) нақты жұмыс iстелген уақыт;
            2) қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бiрақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт;
            3) ) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына, оның iшiнде жүктiлiгiне және босануына орай демалыста болған уақытына байланысты нақты жұмыс iстемеген уақыт;

            4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс iстемеген уақыт қосылады.

Осыған орай, егер қызметкерге еңбек демалысы демалыс кестесі бойынша берілсе, ол толық берілуі тиіс.

Толығырақ: https://www.enbek.gov.kz/kk/node/258144

...