0 дауыс
1.4k көрілді
Мен 2011 жылдың қыркүйек айынан 2012 жылдың 12 қаңтарына дейін мектеп қабырғасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім. Қаңтар айынан бастап кәсіптік лицейде осы мамандығым бойынша қызмет етіп келемін. Менің айлық жалақым 47 мың теңгені құрайды. Жыл сайынғы алатын сауықтыру жәрдемақым қалай төленетінін білгім келеді. Сауықтыру жәрдемақысы қалай төленеді?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
ҚР Еңбек кодексінің 239-бабына сәйкес, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге лауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi. Азаматтық қызметшiлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi. Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі Үкіметтің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 қаулысымен бекітілген. Лауазымдық жалақының мөлшері еңбек шартында аталуы тиіс.
...