0 дауыс
7.6k көрілді
Орта мектеп мұғалімдерінің айлық жалақысы апталық жүктемеге байланысты өзгеріп отырады, тұрақты емес, сауықтыру жәрдемақысы қалай төленеді, өткен жылы жылдық табысынан орташа айлық жалақысын есептеп шығардым, осы дұрыс па?

3 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 239-бабына сәйкес мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi. Азаматтық қызметшiлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi.

Кодекске сәйкес тарифтік ставка (айлықақы) - қызметкердің уақыт бірлігі ішінде белгілі бір күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек нормасын (еңбек міндеттерін) орындағаны үшін еңбегіне ақы төлеудің белгіленген мөлшері.

Сонымен, қызметкердің лауазымдық жалақы атқарған еңбек нормаларына байлынысты, яғни  жұмыс көлеміне байланысты, бұл жағдайда оқыту жүктемесіне қарай өзгере алады.

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400  қаулысында  азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша және/немесе кесімді еңбекақы төлеу жүйесі болып табылады деп белгіленген.

Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесінде атқарылған уақыт есептеледі.

Сондықтан, сауықтыруға арналған жәрдемақы әр қызметкерге еңбегінің мөлшеріне, атқаратын лауазымына, жұмысына және басқа да, оның ішінде жұмыс уақытының ұзақтығына қарай жеке бекітіліп,  белгіленген лауазымдық жалақының мөлшерінде төленеді.

Осыған орай, мұғалімдерге сауықтыруға арналған жәрдемақы нақты оқыту көлемі бойынша белгіленген тарификацияға сәйкес лауазымдық жалақы мөлшерінде төленеді.  

А.А. Алтынбекова –Еңбекке ақы төлеу басқармасының, бас сарапшысы

Мен акиматта жастар ісі жңніндегі әдіскер болып жұмыс істеймін маған сауықтыру төленема
0 дауыс
Селеметсиз бе? мен хатшы болып жумыс истеймин мектеп интернатта, маган сауыктыруга арналган жардемакы толене ма?
0 дауыс
Мұғалімдерге сауықтыру арналған жәрдемақысынан жинақтаушы зейнетақы қоры т.б ұсталынады ма?

Ұқсас сұрақтар

...