+1 дауыс
3.4k көрілді
Сауықтыру жәрдемақысы дегеніміз не? Еңбек демалысы (отпуск) ақысынан бөлек төленеме бәрі бір нәрсеме? Оны кез келген мекеме қызыметкерлері ала алама? мен өзім Программист мамандығы бойынша 1 жыл болды жасап жатқаныма мен осы  сауықтыру жәрдемақысы кімдерге төленеді менің естігенім Әйел азаматтарға дейді! қаншалықты рас?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бірінші мәселе бойынша. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 239-бабына сәйкес мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып берiледi. Азаматтық қызметшiлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi.

Ол тек әйелдер емес барлығына төленеді және сізге де.
+1 дауыс
Жоқ тек әйел адамдарға емес, бәріне төленетін болуы керек, маған 2-3 жыл болды жыл сайын төлек келеді. Жоқ ол отпускнойдан басқа толық бір айлық еңбекақы (және одан әлеуметтік төлемдер ұсталмайды),

Азаматтық қызметшілердің барлығына төленуі тиіс дейді (техперсоналдар басқаларына) біздің бухгалтер
тех персонал деген кімдер ?
Бухгалтердің айтқанынан менің түсінгенім мекеменің техникалық қызметкерлері (еден жуушы, қарауылшық, от жағушы...) қысқасы мекеме ғимаратын күтіп ұстаушы (мысалы электрик, гардеробщиктер де соған жатады дейді, олар біздің мекемеде жоқ)
0 дауыс
Салеметсиз бе мен жаска дейн баламен отырмын менин орнымдагы адам алып кетти деп сауыктыру акшамды бермеди. Еки адамнын биреуине бериледи деди басшы тек отпуск акшамды берди лечебный жок
...