+2 дауыс
3.1k көрілді

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Егер, кез келген адам өмірдің қалтарыс-қалтарыстарындағы күнгейді емес, жарықты көре білсе соның өзін бақыт деп түсінер едім. Осы орайда мына бір аңызды жаза кетуді жөн көрдім.
*Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенінше оларды ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап, айтқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенімен де екі қыздың мінездері олар есейе келе өзгере бастапты. Барлығы жетіп тұрса да екі қыздың біреуі әрдайым тұнжырып, өмірге қапа болып жүреді. Ал бұл патшаны бей-жай қалдырмайды.
Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: "Е-е-е.... сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді"- дейді. "Патшам, рұқсат етсеңіз, сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың қайғысының себебін табармын", - дейді жолаушы. Патша қуана рұқсат беріпті.
Сол күнен бастап жолаушы екі қызды патша рұқсатымен жасырын аңди бастапты.  Қараса, екеуі түнде ұйықтар алдында жастықтарының астынан дәптерлерін шығарып, бір нәрселер жазып, таңертең жазғандарын оқып, сосын ғана төсектерінен тұрады екен. Жолаушы кісі бір күні қыздар ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыса, кіші қыз өзіне жасалған жақсылықтарды, ал үлкен қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты.
Ертеңіне жолаушы кіші қыздан рұқсат алып, оның дәптерін үлкен қыздың жастығының асытына қояды. Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты. Өзіне жасалған жақсылықтар есіне түсісімен жүзі жадырап, қуанғаннан ән сала бастапты.
Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз құлағы мен көзіне сенбепті. Жолаушыны шақырып, мұны қалай жүзеге асырғанын сұрапты. Жолаушы: "Патшам, өмір айна сияқты. Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер. Сіздің үлкен қызыңыз өмірдің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған", - деп жауап береді.
Патша үлкен қызын шақырып, оған енді дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті. Сол күнен бастап патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті.*
Міне, өмір шахмат тәрізді ағы мен қарасы аралас. Өмірдің бәрі оңтайлы келіп, тек жақсылық бола берсе де, жолың бола берсе де адам жалығады емес пе. Өмірдің мәні, алға ұмтылудың, ертеңге асығудың қажеті болмай қалады. Сондықтан жақсылық пен жамандақ қатар жүреді. Ал, тек жақсы тұстарды ғана көріп, алдағы күнен де жақсылық күткен адам өзін бақытты сезінеді.
Сол айтпақшы, біздің осы өмірге келгеніміздің өзі бақыт қой. Ылғи адамдарға бақыт тілеңіз, біреуге не тілесең алдыңа сол келеді деген бар ғой. Барша адамзатқа бақытты болуын тілеймін.....
+2 дауыс
<object width="480" height="360"><param name="movie" value="http://www.youtube.com/v/OHtHuMkFwt8?version=3&hl=ru_RU"></param><param name="allowFullScreen" value="true"></param><param name="allowscriptaccess" value="always"></param><embed src="http://www.youtube.com/v/OHtHuMkFwt8?version=3&hl=ru_RU" type="application/x-shockwave-flash" width="480" height="360" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true"></embed></object>


<font color='green'>Бақыт деген...</font>

 «Мұғалима бізге бақыт туралы
шығарма жаздырды. Бақыт деген
не екенін мен қайдан білейін...»

Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің.
Бақыт жайлы менің мынау білгенім.
Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң.
Бақытты сол - тәрік етіп түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.
Бақыт деген - әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген - дәл қазір,
Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.
Бақыт іздеп мал бақ, мейлің, тас қала,
Бірақ, балам, мынаны естен тастама:
Бақыттысың бақыт  іздеп сорласаң,
Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!
Бақытың - мен, бақытым деп біл мені,
Мені білсең, бақытыңды білгенің.
Ал мен үшін ең бақытты күндерім -
Балам, саған бақыт іздеп жүргенім!  __{М.Мақатаев}___ Жауабым осы болсын. Рахмет сұрағыңа.:)
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың пікірімен бөліскеніңізге рахмет!!! Дегенмен, өз пікіріңіз болса...

Ұқсас сұрақтар

+3 дауыс
7 жауап
+1 дауыс
2 жауап
0 дауыс
3 жауап
...