0 дауыс
4.4k көрілді
Сіздің ойыңызша ғажайым деген не? Өмірдегі бір сәтіңіз

3 жауап

0 дауыс
Мен бұл сөзді былай түсенемін, яғни ғажайып - теңдесі жоқ, ақылға сыймайтын, өзгеше, жалғыз, сұлу. Мысалы: Бұл қандай ғажайып әлем?
0 дауыс
Ғажайып деп-өмірімдегі ерекше бір қуанышты сәтімді елестетемін.Мен еш нәрсеге таң қалмаймын, себебі өмірімді түске ұқсатамын. Ал түсте нелер болмайды?!.. Кей кездері өмірімде дәл түсімдегідей ғажайып оқиғалар болып тұрады. Сондай ғажайып сәттер… тіпті өзім сенбей қаламын!
0 дауыс
Кейде ойлап қоям... Неге осы отбасында өмірге келуім керек болды екен? Неге осы елде туылуым керек болды екен? Неге осы кісілердің қызы болып дүниеге келдім екен? Неге осындай достарыммен кездестім екен? Егер бәрі басқаша болса, мен басқа адам болар ма едім... Демек бәрінің бір себебі болғаны. Меніңше осындай кездесулер, біздің тағдырымыз, өмірге келгендегі миссиямыз, әрбір сәтіміздің өзі - ғажайып!! Қияли жауап екенін білем, деседе, менің Жер бетіндегі 6 миллиард адамның бірі екенім де мен үшін ғажайып!

Ұқсас сұрақтар

...