+1 дауыс
2.6k көрілді

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Бақыт келер бiр Алланың күшiмен,
Өзгередi әр адамның iсiнен!
Дiн Ислам адастырмас түзу жол,
Құранды ашып бақытты iзде iшiнен!....
Бұл өмiрдегi бақыт сан қилы ғой. Мына жағдайларда әр адам өзiн бақытты сезiнер.Ата-ананың бақыты - әлпештеп өсiрген баласының ақ сүтiн ақтап, абыройлы азамат болып өсуi. Баланың бақыты - ана мейiрiмi мен жанұя тыныштығы. Халқы саясатын қолдап, абыройын асқақтатса- патша бақытты. Басшысы әдiл болса ел бақытты. Адал досы болса жетiм де бақытты. Өмiрдiң қадiрiн түсiнсе адамның бәрi бақытты.
Рахмет, Медетбек бауырым!
0 дауыс
<font color='blue'>Бақыт деген - сенің бала күндерің
 Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
 Бақытын да, басқасын да білмеуің
 Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің.
 Бақыт жайлы менің мынау білгенім.
 Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң.
 Бақытты сол - тәрік етіп түндерін,
 Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.
 Бақыт деген - әркімдерде бір арман,
 Сол арманның шыққан жері құмардан.
 Ал сен үшін бақыт деген - дәл қазір,
 Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.
 Бақыт іздеп мал бақ, мейлің, тас қала,
 Бірақ, балам, мынаны естен тастама:
 Бақыттысың бақыт  іздеп сорласаң,
 Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!
 Бақытың - мен, бақытым деп біл мені,
 Мені білсең, бақытыңды білгенің.
 Ал мен үшін ең бақытты күндерім -
 Балам, саған бақыт іздеп жүргенім!</font>
Мен ушин дал казир бакыт деген:акем,агам жане иним,колда барда алтыннын кадири жок дейд,анамнан айырылганнан кейн гана улкен бакыттан айырылганымды билдим
Дұрыс Салтанат
...