+3 дауыс
109k көрілді

image

Бақыт деген не? Сіздер бақыт дегенді қалай түсінесіздер? Бақытты болу үшін адам не істеу керек?

Менің оймша бақыт деген қандай қиын жағдай, қайғыға қарамай өзің бақытты сезіне білу

26 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің ойымша, бақыт деген былай:

Адам армандап, мақсат қойып, жоспар әзірлеп, сол жоспар жолында дисциплиналы түрде өзін қадағалап нәтиже шығара білуі! Сол жолда ол түрлі кедергіге, қызықтар мен қиыншылыққа тап болады, соны бастапқы арманы үшін бұзып өтеді. Халқымызда сөз бар: "армансыз адам, қанатсыз құспен тең!". Адамдар нақты арман, мақсаты, қажетті білімі мен біліктілігі болмауы себепті рухани кризиске, жаманшылыққа, депрессияға ұшырайды. Мақсат болмаған соң әрекет те аз болады, әрекет тек өлместің күнін кешумен ғана шектеліп, алтын уақыты босқа кетіп, мына өмірдің қызығының дәмінен аз ғана татып көру ықтималдығы жоғары болатын сияқты. Әрбір мақсат жолындағы түрлі қиыншылықты жеңіп, нәтижені бағындыру, кейін оны еске алуы бір рақат сияқты. Ол арман жалғыз болғанмен, арман шеңберіндегі мақсат көп болуы мүмкін, мысалы: отбасын құру, оны асырау, бала-шағасына бір белесті бағындырып беру (тәрбие беру, денсаулығын қадағалау, қыдыртып-ойнату, оқу оқыту, секцияға жазып нәтиже шығарту, қадағалау), сол жолында комфорт жасау: сезондық киімдер, үй, көлік, бизнес жасау. Халқына пайда әкелер іспен, бизнеспен, ғылыммен де айналысу. Бұл жағдайда адам өзі де, өзгені де бақытты етеді және бұны әркім жасай алады, бұл жерде ешкім ешкімге міндетті емес, тек жақсылық жолындағы әрекеттер және оның қайтарымы міндетті түрде болады.

Бәрімізге құдай бақытты өмір кешуге нәсіп етсін!
Әумин!Халыққа пайда әкелу әр азаматтың міндеті отбасы өмір заңдылығы,арман адамның қанаты жоспар құру болашаққа сеніммен қарау!Бір сөзбен айтқанда өмірдегі реальный нәоселерменде бақытқа жетуге болды деген ой түйдім сіздің жауабыңыздан!
+2 дауыс
Бақыт деген сенің бала күндерің, Бақытты боп ойнап күлгенің!
+1 дауыс
Бақытты болу үшін қандай да бір әрекет жасаудың керегі жоқ,мен ойлаймын осы өмірге келіп сүріп жатқандардың бәрі бақытты әрине егер өмір мәнін ұғына білсе! Өмірге өкпелеуге ешқайсымыздың хақымыз жоқ,өмірде болатын келеңсіздіктерді біз өзіміз тудырамыз ал кейде алланың сынағы ретінде келеді!Ал алла пендеге өзі көтере аларлықтай сынақ береді! Мен ойлайым бақыт деген адамның жүрегінде өзінде бар нәрсесін қадірлей білсе,сол нәрсенің өзі адамға бақыт сыйлауы мүмкін! Мысалға менде байлықта бар басқасыда бар бірақ солардың біріде менің әкемнің орнын толтырмайды!Бірақ мен бақыттымын!Себебі әкем жанымда болмасада жүрегімде бар! Сол сияқты әр адам жүрек жылуын өзгелерге төге білсе өзгелерде оған солай өзмейірін төгеді!Ал жүректері мейріммен махаббатқа толы адамдар ең бақытты жандар!Әрине бұл менің жеке пікірім!
0 дауыс
Менің оймша бақыт деген қандай қиын жағдай, қайғыға қарамай өзің бақытты сезіне білу
0 дауыс
Бакыт дегенді біреулер мансап,біреулер байлық,біреулер махаббат т б дейді. Бұл пікірлерге бірі келіссе екіншісі келіспейді. Ал біреуге анау,біреуге мынау ұнайды дегендей. Ал бақыт деген-жүректің тыныштығы. Бұған ғалымдардың бәрі келіскен екен. Жүректің тыныштығы деген не ол алаңсыз өмір сүру. Адамды ойласаң ауырасың Алланы ойласаң сауығасың, Жүрек Алланы ойлаумен тыныш табады
0 дауыс
Ойланып ой елегінен өткізе алсаң,жақсы жаққа ойласаң,істегің келкенді істеп,айтқың келгенді айтсаң бақыт деген сол.
0 дауыс
Жүрек тыныштығы ол Бақыт! махаббат,мансап атақ,байлық дегендер өткінші рәнселер
+1 дауыс

БАҚЫТ ДЕГЕН НЕ?

Б-дан басталар Байлық пенен Батырлық.
А-дан басталады Арман мен Адалдық.
Қ-дан басталар Қуаныш пен Қайсарлық.
Ы-дан басталады Ырыс пенен Ынтымақ.
Т-дан басталар Тіршілік пен Тазалық.
Адам үшін бағалысы жақұттан,
Ол-Бақыт, бес әріптен құралған.

Бақыт-ол сенің жарық дүниеге келгенің,
Бақыт-ол сенің алқашқы қадам басқаның,
Бақыт-ол сенің алғашқы мектепке барғаның,
Бақыт-ол сенің бауыр менен туысың,
Бақыт-ол сенің көрші, ағайың, жолдасың,
Бақыт-ол сенің дұрыс арман мен мақсатың,
Бақыт-ол сенің сенімің мен үмітің,
Бақыт-ол сенің өмір сынағына сынбай, қайта тұрғаның,
Бақыт-ол сенің кек сақтамай, кешірімді болғаның,
Бақыт-ол сенің имандылық, тазалық, адалдығың,
Бақыт-ол сенің Бақытты болғаның,
Бақытты болу, ол сенің міндетің мен парызың!

 

БАҚЫТ

Іздемегін Бақытыңды жырақтан,
Біле білсең, Бақыт-сенің бойыңда!
Өмір деген тұрады сан сұрақтан,
Айналдырма қымбат сәтті ойынға!

Бұл өмірден сан ғасырлап көп адам,
Бақыт сырын өтіп кеткен біле алмай. 
Бақытты олар сырттан іздеп, сандалған,
Уақытын жоғалтып ап, күле алмай!
 

Бақыт деген адамның өзінде екен 
Ақ жолынды биікке жалғайды екен.
Ойы жақсы адамның көзінде екен,
Бақытың сенен өкшелеп, қалмайды екен.
                                                       
                                                    

 

Жақсы жауап!
0 дауыс
Әке-шешем, туыс-ағайындарым қасымда, осыны мен бақыт деп білемін
0 дауыс

Бақыт,ол-Бостандық !!!

0 дауыс

бақыт деген ол канағатшылдық. қанағатшыл адам ол әр-бір сәттің бақытын сезіне алады.

мысал келтірер болсақ (Алла басқа салмасын) егер қымбат шетелдік көлігіңді соғып алсаң, сол сәтте ШҮКІРШІЛІК етіңіз соғылған көліктің бөлшегінің орнында сіздің бір мүшеңіз болмағанына. не қандайда бір денеңізді жарақаттап алған жағдайда шүкіршілік етіңіз сол жарақат сіздің өміріңізге аса жауапты мүшеңіздің болмағанына. 

0 дауыс
Денсаулык болмаса   ббакытсызболасыз
0 дауыс
Көкірегімде төрт сәуле бар төрт бақыттан тұратын, Төртеу – менің мұратым. Төртеуінен алма-кезек нұр алам. Біріншісі – туған елім – ұлы анам. Екіншісі – ғазиз анам, саулығымды сұраған. Бірақ маған екеуі де бір адам. Үшіншісі – намыс үшін беріспеген күндерім, Жанған отты өшіруге келіспеген күндерім Тағдырымның жанарынан жеңіс көрген күндерім, Сүрінгенді сүйеймін деп, құлап қалған кездерім Бәрі, бәрі жомарттығым, адалдығым сондағы Кеудеме кеп жиналды да, бақыт болып орнады. Төртінші ме? Төртіншісі сәл тайқыса болар мұң Маған деген адалдығы ол, мені сүйген адамның, - деп жырлаған қазақ халқының ардақты азаматы, ақиық ақыны Мұхтар Шаханов.
0 дауыс
Бақыт деген не өзі?!

Бақыт деген не өзі? – деп, бастады топ таласты.

Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.

Бірі айтады:

Бақыт деген барлық байлық емес пе,

Керегінше киіп ішсең, бақыттысың  да емес пе.

Бірі айтады: Жоқ,

Бақыт деген қолың жетпес мансап қой,

Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы-ақ қой.

Бірі айтады:

Бақыт деген, бақыт деген,

Жүйрік мініп, той тойлап,

Әсем болмай, күйбеңменен, қарын тойса, карта ойнап.

Бірі айтады:

Бақыт деген адал жар мен перзент қой,

Ынтымаққа ырыс келген,

Ол да соған ермек қой.

Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым,

Бақыт адам баласына келмес оңай, соны ұқтым

Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда.

Үміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір жақұтты,

Оны алыстан іздемегін, жүректен тап бақытты.
0 дауыс

http://jakoblog.kz/361/ осы жерден қарашы.

Ұқсас сұрақтар

...