+3 дауыс
23.0k көрілді
Қайсысы дұрыс? Неге? Қандай мағына береді? Меніңше Сəлеметсіз бе деген ешқандай мағына бермейді. Саламатсыз ба дегеннің түбірі саламат. Ол сау саламат деген мағынаны береді. Яғни сау саламатсыз ба? деген мағынада. Қалай ойлайсыз?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Сау-саламат келдіңізбе деп жатады аман-есен келдіңізбе дегенді білдіреді.Соған қарағанда саламатсызба - амансызба,аман-саусызыба дегенге келіңкірейді.Амандасып келдім деп жатқанды да еститін шығарсыз үлкендердің.Мағанда жақыны сол саламатсызба
+1 дауыс
Меніңше "Сəлеметсіз бе?" əлдеқайда жағымды естіледі. Түбірі Сəлем деген секілді,Салам деп айтпаймыз ғой ұлдар болмаса.
Түбірі сəлем ал сəлемет деген не мағына береді? Негізі жағымдылық жағынан сəлеметсіз бе тиімді екенін білемін. Бірақ мағынаға мəн беріп жатырмын. Саламатсыз ба-ның түбірін салам емес саламат десеңіз мағыналы
0 дауыс
Сәлеметсіз бе деп қыздар қауымы,саламатсыз ба деп ұлдар қауымы айтқаны жөн
0 дауыс
Сəлеметсіз бе деген жаксырак
0 дауыс
Бала кезімде әкемнің ағасының әйеліне келін болып түскеніне бір ай болған шамада Саламатсыз ба? деп амандасқанымда ол кісі күлімдеп: өзге, бөгде, танымайтын жандарға "Cаламатсыз ба?" ал таныйтын жақын адамдарға, туыс жандарға "Сәлеметсіз бе?" дейді. деп айтып берген болатын. Сондықтан екі сөзді екі түрлі жағдайда қолданады деп білемін.
...