+1 дауыс
106k көрілді

Кім қалай айтады? Қайсысы бұрыс, қайсысы дұрыс? 

13 жауап

–1 дауыс

Саламатсыз ба-апайга сәлеметсіз бе-үлкендерге

+1 дауыс

Сәлеметсізбе деп қыздар айтуы керек деп ойлаймын

Санда саламатсызба деп балдар айту керек пе.
+2 дауыс

Ассалаумғалейкум ыстық, осылай амандасқан дұрыс болар. Сөздің негізгі түбірі "СӘЛЕМ"-сөзі екені анық қой, сондықтан бұл жерде дауласып жату артық деп ойлаймын. "Салам"-деген  блатнойлардың жаргоны (сленг) болар деп ойлаймын.

Уағалейкумассалам, бұл үлкендерге мәлім ғой, бірақ жастарымыз бұрмалап алып бара жатыр, тіпте САЛАМАТСЫЗ БА -ны СӘЛЕМЕТтен гөрі жаргоны былай тұрсын, блатной көреді.
0 дауыс

Сәлеметсіз бе деген дұрыс.Саламатсыз ба дұрыс.

0 дауыс

негізгі барлығына саламатсызба жақсы, менің өзіме жағымды

0 дауыс
- Сәлеметсіз бе?

- Сәлеметпін

("Саламат"- сөзі де дурыс деп ойлаймын. Байланысты, қазақ тілінде "сау-саламат"- деген сөз бар)
0 дауыс
Соңғы кезде жаңалықтарды қарап отырып, дикторлардың дұрыс сөйлемейтінін аңғардым. Ең бірінші сөз салемдесуден бастасақ, Саламатсыздар ма, деудің орнына сәлеметсіздер ме? деп амандасады екен. Қазақша сөздің түбірі саламат, сау- саламат деген емес пе? Амансыз ба, есенсіз бе дегенді білдірмей ме? Неге солай өз мағынасында қолданбайды екен. Оны естіп алған жастар менімен сәлеметсіз бе деп амандасса, мен оны салем етесіз бе деп түсінемін. Олай айтқандарға мен жасы кіші адамға сәлем ете алмаймын дегім келіп тұрады. Неге теледидарда солай деп айтады деп сұрақ қояды кейбіреулер. Яғни теледидардың айтқандары дұрыс, нағыз қазақ, менің айтқаным дұрыс емес дегендері ғой. Әрине, олардың бүкіл халыққа хабар таратушылар дұрыс сөйлеуі керек дегені дұрыс, ол пікірмен қосыламын. Бірақ, жүргізушілердің дұрыс қазақша сөйлемеуі құлағымды шаршатады. Енді тағы бір күні теледидардан "саламатты Қазақстан" деп жарнама беріп жатыр екен, оның мағынасына да түсіне алмадым. Дені сау дегенді айтқысы келгені шығар дедік те қойдық. Бірақ, саламатсың ба десе, саламатпыз дейміз ғой, саламаттымыз деп айтса, ерсі естіледі екен. Сондықтан бұл жерде саламат Қазақстан деуі керек қой.
0 дауыс
Екеуіде дұрыс, айырмашылық жоқ. Айырмашылығы тек жұмсақ айтылуы және қатты айтылуында. Әркімнің қалауына қарай. Тағы бір түр бар, "сәләматсыз ба". Жазылуы дұрыс деп танылмасада, өзім осылай айтқанды қалаймын.
0 дауыс
Сәлем деген сөз бар,сәлеметсіз деген жоқ,

Салам деген сөз жоқ,саламат деген сөз бар!! Сау-саламат болыңыздар!!!
Салам ол жа
0 дауыс
Сәлеметсіз бе? деген сыпайы түрде айтылған. Әдеби кітаптарда осылай жазылған.
0 дауыс
Екеуде дұрыс емес, Ассаламуағалейкум деп амандасу керек. Саламатсыз ба немесе сәлеметсіз бе орысшадан здравствуйте дегенді тікелей аударған, Аллаға сыйнбасын деп.
0 дауыс
Сау-сәлемет болыңыз десе қалай қарайсыз...Әрине ыңғайсыз.Сау саламат болыңыз деп айтады. Мен үшін саламат сөзінің мағынасы бар.Саламатсыз ба деген амансыз ба дегенді білдіреді. Түбірі сөздің сәлем емес,  саламат.
0 дауыс
Қалай айтсаң да қате емес, бастысы ниетте
...