Сайт туралы сұрақ қойды | 40 қаралды
40 қаралды
Менеджер деген кандай маман және жалақысы канша

1 жауап

жауап берді

Менеджер  деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Мәселен, тек ғылыми ізденістермен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда,  егер ол зерттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол әрине, менеджер. Ауруды тек емдеп қана қоймай, клиниканы меңгеретін дәрігер жөнінде де осыны айтуға болады.

Менеджер-ең көп тараған кәсіптің бірі. Бұл-басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер.

Барлық менеджерлер үшін, олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.

Біріншіден, менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Екіншіден, менеджер ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп, бөледі, қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердің тиісті құрамын іріктейді т.б.

Үшіншіден, менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп, адамдармен тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды (коллективті) өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адамдармен құрады: бұл үшін қолда бар барлық мүмкіндікті-сыйлық беру, наградтау, жоғары қызметке тағайындау шараларын пайдаланады. Менеджер ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тұрақты байланыс орнатады.

Төртіншіден, менеджер ұйымның іс-әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды.

Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп, жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдардың мамандығының жетілдірілуі де, қызмет жағынан жоғарылап, не төмендеуі де, ұжым бірлігінің нығаюы, не берекесізденуі де менеджер жұмысына байланысты.

Менеджер алдында тұрған барлық проблемаларды біле бермейді, сондықтанда ол «бесаспап данышпан» болуы да мүмкін емес. Оның арнайы еңбек құралы, атап айтқанда ақпараты (информациясы) болады. Менеджер адамдарды жұмысқа ынталандырады, бағыттайды, ұйымдастырады. Оның бірден-бір құралы-жазбаша немесе ауызша сөзі; немесе цифр тілі. Менеджердің жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім сатуға қатысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау және оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол өз ойын басқа біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пікірін айқындай алуы тиіс.

Менеджерлік шеберліктің маңызды жақтарының бірі-келіссөз жүргізе білуі-әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнері болуы тиіс. Мұның өзі әсіресе қарамағындағы адамдарға әкімшілік билік жүргізе алмайтын басшылар үшін де, сондай-ақ сырттан шикізат жеткізушілермен қарым-қатынас орнату үшін де аса қажетті жағдай. Келесі онжылдықтарда нағыз компаниялар көп жағдайда маклерлік фирмаға ұқсайтын болады.

Менеджерлер жұмысын ұйымдастырудың мынадай принциптері бар.

— төңірегіңе жақсы жандарды топтастыр, интелегенттерге және қабілетті адамдарға сүйен;

— өзінің бірінші кезектегі мүддеңді айқында, күнделікті іс-әректіңнің жазбасын жүргіз, ең күрделі проблемаларды текстің бірінші бетіне жазып қой;

— нақты іс жөнінде айт, қалай айтсаң, солай жазба біл, жүргізілген талдаулар мен қорытындылар материалдарына негізделсін, әрі нақты, қысқа, кімге арналғаны белгілі; ал ұсынылатын шешімдер варианты –шағын болсын;

— басшы штаб мен өндірістік сала аралығындағы кикілжің қымбат уақыт пен күш-жігерді бос жіберу екендігін ұмытпа. Басшы екі жақтың да жауапкершілігін дұрыс шектей білуі тиіс. Штабтың бірінші кезектегі міндеті-басшыға жәрдемдесу, әрі өндіріс учаскесіне дұрыс ықпал ете білу;

— әркімнің билік аясын нақты айқында, адамдардың дербес жұмыс істеуіне мүмкіндік бер;

—  сын-ескертпелерді, әр түрлі көзқарастарды ескер, оларды дұрыс пайдалан;

— пайда болған өзгерістерге көңіл аудар, әрбір күннің түйінді мақсаты-барынша пайда табуға қамқорлық жасау екендігін есте сақта;

— өз жұмыс стиліңді тап, әрі соны қолдан.

Шет елдің кейбір жоғарғы басшы корпорациялары менеджерлер үшін үш өсиет айтады: адамды құрметтеу, клиентке көңіл бөлу және жұмыстың жоғарғы сапасы. Ал «Уэлкомбэроз» компаниясы басқарушы үшін он өсиетті келтіреді: «адалдық, әдептілік, адамды құрметтеу, ұжымдық (коллективтік) жұмысқа қабілеттілік, зерттеуге икемділік, жұмыс сапасы, азаматтық сезімділік, тиімділік және бейімдеушілік».

Европалық менеджерлер қазіргі кезде қатал талапты, өзгерістерді және қауіп-қатерді бастан өткізуде. Басқару жөніндегі ағылшын консультанттары М.Вудкок пен Д.Френсистің «Басыбайлықтан босанған менеджер» кітабында алдағы онжылдықта басқару үшін менеджердің мынадай дағдылары мен қабілеттері болуы тиіс.

-өзін меңгере білу;

-жеке басының бағалы қасиеттері;

-жеке өзінің айқын жоспарлары;

-жеке басын үнемі жетілдіріп отыру;

-проблемаларды шешуге дағдылану;

-өнертапқыштық және инновацияға қабілеттілік;

-маңайындағы адамдарға ерекше ықпал ете білетін қабілет;

-қазіргі басқару әдіс-тәсілдерін білу;

-басшылық ету қабілетін;

-қол астындағы адамдарды баулып, жетілдіре білу

-тиімді жұмысшы топтарын қалыптастыру және дамыту қабілеті.

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
117,722 сұрақ
302,766 жауап
153,349 пікір
65,094 қолданушы