0 дауыс
Несиеге ұялы телефон алғанмын. Менеджер несиені сақтандыру керек деп қоймады. Ол не үшін керек?
12.09.2015 688 қаралым

1 жауап

+1 дауыс
Несиені сақтандырмасаңыз да болады. Ол банктің өз қорын толтыруға жұмсалатын қаражат. Сақтандыру ол клиенттің өз таңдауымен жасалатын іс. Бас тартатын болсаңыз, толық құқығыңыз бар. Ұялы телефонды сақтандыру, ол бұзылған жағдайда тегін қызмет көрсетілу үшін алынатын қосымша құн. Бірақ, әр тауарға шығарушы компания 1 жылдық гарантия береді, сол үшін сақтандыру сіздің қалтаңыздан шығатын артық шығын. Оның үстіне, өзіңіз ұнатпаған тауарды 14 күн ішінде қайтадан дүкенге қайтарып бере аласыз. Осыны естен шығармаңыз!
12.09.2015
127,959Сұрақ
322,889Жауап
153,169Пікір
73,003Қолданушы