+1 дауыс
1.8k көрілді
Қазіргі таңда Технодом, Алсер, Эврика сияқты алып дүкендерде акция  болып тұрады.  Бағасы бәлен мыңдық телефонды , ноутбок, телевизор, тоңазытқыш т.б керек құралдарды несиеге екі-үш жылға  алуға болады екен.  Бір жеңгем үш жылдық несиеге кір жуғыш машина алып, алдын ала (3жылға жеткізбей)төлеп тастағаны үшін  айыппұл төлеп жүр. Не болғанын өзі де түсінбейді, біз де түсінбедік.  Осындай келеңсіз жағдайға тап болмас үшін несиеге зат аларда нені ескеру керек?  Келісім шартта неге назар аудару керек?  Қатарынан қалғысы келмей қымбат телефонды несиеге болсын алғысы келетін жастарға не кеңес бересіз?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Негізі тұрмыстық техниканы несиеге алсаңыз, оны жылдам төлеп құтылғыңыз келеді. Мысалы сіз 9 айға 5200 тг-ден төлейсіз, бірақ оны ай сайын 10мың тг-ден  төлеп  ертерек жауып тастасаңыз кейбір банктерге ерте төлегеніңіз үшін айыппұл төлейді екенсіз. Өйткені оларға сіздің ертерек төлеп тастағаныңыз тиімсіз болады.
Бірақ әр банктың шарты әр түрлі. Меніңше ұялы телефон алғанда каспи банк ыңғайлы. Себебі онда ертерек төлегеніңіз үшін страховкаңыздың ақшасын қайтарып береді.
Мысалы мен 2013 жылы желтоқсанда 39000 тг-ге  Каспий банктен  ұялы телефон алдым, ол кредитке 43мың дай болды. Басында хоум кредиттен алмақшы болғам, бірақ оның ай сайынғы төлейтін сомасы кп болып кетті.

Бірақ мен 2-3 айда төлеп тастап 4 мың тг-мді қайтарып алдым. Негізі кредитке зат аларда ертерек төлегенім үшін штраф болмай ма деп анық-қанығын сұрап алу керек.
+1 дауыс
Мен планшетті, ноутбукті жəне сіңіліме телефонды несиеге алғанмын. Ноутбукті алты айға, ол біткен соң планшет пен телефонды алдым. Мен де ешқандай мəселе болған жоқ. Шəкірақымнан уақытылы төлеп тұрамын. Бастысы уақытынан кешіктірмеу керек. Ертерек төлесеңіз де болады. Каспий банктен алдым екі несиені де. Сізге де сол банктен алуға кеңес беремін. Жеңгеңіздің мəселесін түсіне алмадым. Менің таныстарым да несиені көп алатын. Бірақ ерте төлегені үшін айыппұл салғанын естімедім. Мүмкін айыппұл салғанына басқа нəрсе себеп болған шығар.
...