0 дауыс
415 көрілді
Тіркелгеннен кейін емхана халыққа қызмет көрсетпейтін болса не істеймін? Қайда барып қараламын?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Өзім білетін мына ресми ақпаратпен бөлісейін. 

Емхана тіркелген азаматтарға болған жағдай туралы алдын ала хабарлауға міндетті. Тіркеу тәртібі бойынша емханалар азаматтарды мынадай мерзімдерден кешіктірмей құлақтандыруы тиіс:

- қызметтерді сатып алу туралы келісімшарт бұзылғанға (немесе өзгергенге) дейін, қайта ұйымдастыру мен жабу жайлы шешім қабылданғанға дейін 30 күн бұрын

- медициналық қызмет көлемі қор тарапынан бөлінбей қалғаны белгілі болған күннен бастап екі күн ішінде.

Емхана болған өзгерістерді тіркелген халықтың тұрғылықты жері бойынша хабарлайды.

Содан кейін Медициналық сақтандыру қоры жергілікті органдар мен денсаулық сақтау басқармаларына хабарласып, емханалар арасындағы территорияларды бөліске салу туралы құжат сұрайды.

Арнайы комиссия тіркелген азаматтарды Қормен келісімшарт бекіткен емханаларға бөледі.    

Жаңа емхана сізді өздеріне тіркегенін хабарлайды. Сіздің бұл шешіммен келіспеуге және өзіңіз тұратын аймақта қызмет көрсететін жеткізуші ұйымдар ішінен басқа емхананы таңдауға хақыңыз бар.

...