0 дауыс
423 көрілді
Емханаға қайта тіркелу туралы не білесіздер? Басқа жаққа көшкенде емханаға қалай тіркеледі?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Өз тәжірибем бойынша айтсам, мұндай жағдайда екі нұсқа бар:

1. Басқа жерге қоныс аударуына байланысты 

(басқа қалаға көшу, бір қала ішінде мекен-жайын ауыстыру) – тіркелгеннен кейін бірден қызмет көрсетіледі

 Мысалы:

А. есімді азамат 10 қыркүйекте Астанаға қоныс аударды. Қыркүйектің 11-інде қаладағы №8 емханаға барып тіркелді. Ол Алматыдағы бұрынғы емханадан автоматты түрде шығарылады.

Осылайша, А. есімді азамат Астанадағы №8 емхананың қызметін тіркелген күннен, яғни 11 қыркүйектен бастап пайдалана алады.

2. Қаладан ешқайда көшпей, тіркеу науқаны кезінде қайта тіркелген жағдайда  – келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап (биылғы жылдың соңына дейін сізге бұрынғы емханаңыз қызмет көрсетеді)

Мысалы:

Б. есімді азамат бұрын Астанадағы N емханаға тіркелген болатын.

Тіркеу науқаны кезінде, 20 қыркүйекте Астанадағы Z емханаға тіркелді.

Осылайша, ол медициналық көмекті жыл соңына дейін бұрынғы N емханасынан алады. Ал, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап Астанадағы Z  емханасының қызметін пайдалана алады.

...