Емханаға қандай жағдайда тіркеуге алмайды?

0 дауыс
591 қаралым
Емханаға тіркемеуге қандай жағдайлар себеп болуы мүмкін?
• Санаты: Жалпы медицина
қайта ілмектеді | 591 қаралым

1 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап

Емханаға тіркелерде бізге мынаны айтты. 5 түрлі жағдайда емхана тіркеуден бас тартады:                                                                                   

1. Сіз таңдаған емханаға тіркелген азаматтар саны белгіленген межеден асып кетсе. 1 жалпы практика дәрігері 1,7 мың адамнан артық қабылдай алмайды;

2. Мемлекеттік мәліметтер базасында сіздің тұрғылықты жеріңіз туралы дерек жоқ немесе берілген мәліметтер дұрыс болмаса;

3. Балаларды тіркеген жағдайда - баланың атынан әрекет ететінін растайтын құжаттары болмаса;

4. Жеке меншік сақтандыру компаниясымен келісімшарт бекіткен емханада сіздің полис иесі екеніңізді растайтын мәліметтер болмаса;

5. Тіркеу туралы мәліметтер базасында азаматтың соңғы рет өз өтініші негізінде емес, комиссия шешімі бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтер болмаса тіркеуден бас тартады. 


Жақсы жауап таңдалды

Ұқсас сұрақтар

127,950 сұрақ
322,844 жауап
153,167 пікір
72,950 қолданушы