0 дауыс
5.3k көрілді
мысалы біреулер болады ғой критикавать етіп тиісіп сөйлейтін, солардың ауызын бірауыз сөзбен қалай жеңуге болады, мен өзім сондай көре алмай сөйлейтіндердің сөздерін көтере алмаймын, біреулер көңіліңе алмайсың, бәрібір жүрегіме жақын қабылдап үнемі көңілсіз жүрем. Қалай, не істесем болады?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Критика - сын ғой. Кейде адамдар өзінің бойындағы мінін байқай бермейді, сондықтан айналасындағы адамдардың мін сөзі де адамға пайдалы болуы мүмкін. Бірақ, мінді жеткізе алатын және жеткізе алмайтын адамдар болады. Мінді тікелей былш еткізгенде, ол басқаның намысына тиіп кетуі мүмкін. Ондай сынға агресииямен жауап беріп, немесе ашуланып қажеті жоқ. (Әлде болмашыға қапаланатын шынымен әлсіз бе едіңіз? :) ) Сондықтан, егер ол адамға жаныңыз шынымен ашыса, оны ренжітпейтіндей жолмен сыпайы жеткізген дұрыс. Қарсы жағдайда, өзіңізді идеалмын деп есептесеңіз, онда оны мүсіркеп немесе оның жұтаңқы рухын басып басып айтыңыз (ох, іші тарлар бұндай мін тағуға шебер-ақ).

Жалаңаяқ студент өмірінде ең алғаш рет ресторанға барғандағы жағдайы ауыр болды. Қазір әрине, еске алғанда күлесің. Күтпеген жерден, бір адаммен жолығуға келістік, оның таңдаған жері қаладағы ірі бір ресторан екен. Алғаш бұндай орында болмаған екенімді сезді ме, жасауға болатын әрекеттерді еппен үйреткендей ыммен жасады. Ал мен сыр білдірмегендей қажет сәттерді қайталап отырдым. Мәселе де шешілді. Білгенін үйретіп, өзін көрсетуге тырыспай қарапайымдылығымен сыйлауға тұрарлық адамдарға ырзамын дегеннен басқа айтар жоқ.

Әр адамға Алла Тағала ақылды басына құя салмағанымен, оған ақылды болуға мүмкіндік берген. Сондықтан, әркімнің қате жіберіп қоюға хақы бар (біліп тұрып емес).
0 дауыс
Критика деген қазақша пiкiр деген мағына ғой......
+2 дауыс
Сенің болмысыңа, мінезіңе, жүріс-тұрысыңа, тіршілігіңе айтылған СЫНдар Сені МЫҚТЫ қыла түспек.Соны ескер.  Сын, яғни критика жақсы - жаман деп бөлінбейді. Әр адамның өз ойы, өз пікірі бар, демек бәріне жағу ойға сыймайтын нәрсе. Сенде екі шешім бар:    
1. Не ол сындар арқылы даму, жетілу, кемшілігіңді азайту, дұрыс жолда тіршілігіңді жалғастыру;
2. Не көңіліңе алмау.      Ескеретін жайт, екінші пунктты сақтау өте қиын...
келісемін, ең дұрыс жауап осы меніңше.
+1 дауыс
критика - сын. Қазір екінің бірі критик болып кеткен ба дедім ғо мен де, критиковать еткенді ұнатады... менде де  сіздегідей жағдайы негізінде... тез көніліме алып қаламын, өзіме жақын қабылдаймын... және ең жаманы сол күн бойы (кейде апталап) ойымнан кетпейді... Менің түсінгенім: өзім де критик болуым керек екен, ешкімнің көніліне қарамай өзіне де тиісінше жауап қайтара білу керек екен. Ұнамайтын критика айтса "да пошел(ла) ты" деген сияқты. Жеңілдеп қаласың... бірақ бұның да көмегі аз... өз өзіне сенімділікті арттыру керек, бұрын айтылған жақсы критикаларды еске түсіріп, киімді кигендей соларды (жақсы критикаларды) киіп алу керек! сонда ғана жеңіп шығуға болады меніңше. РС: бұлардан маған көмегі тиген жоқ, бәлкім сізге көмегі болар деп жаздым

Ұқсас сұрақтар

...