Қазақша ән | 608 қаралды
608 қаралды
Әпкемнің тойына қандай ән, тілек айтса болады?

2 жауап

Демейміз күн күңгірт боп, таң адасты,
Сонда да, әпке, шаттық, мұң араласты.
Біздің үйден басталған бір соқпақ жол
Сені бізден бақытқа ала қашты.

Ала қашты, қайтейік, шаттығыңа,
Ұзатып салды өзіңді бақ қырына.
Қарамайды екен-ау қыз бақыты
Босағаның бөгделік, жаттығына.

Бұйыртқан содан қыздың несібесін,
Елемесең, өмірден кешігесің.
Ілестің сен де, әпке, бүгін, міне,
Сол бақыттың мәңгілік көшіне шын.

Ілес, әпке, соңыңа қарамағын,
Сонда ырғақты, бақытты болады әнің.
Түтіні түзу ұшқан өз үйіңде
Желбіреп жүреді енді орамалың.

Қалдырып қимас сәтін қыз күніңнің,
Толқытып, артқа тастап бізді бүгін.
Барасың, әпке, асығып бақытыңа,
Жар болу дегендей-ақ ізгі ұғым.

Барасың іштегі бір қозғап үнді,
Тойыңда тілекшіден сөз де ағылды.
Сағынып жүресің-ау енді, әпке,
Куәсі қыз күніңнің - өз бағыңды.

Белгілі босағаңды бағаларың,
Жарыңмен тату болсын араларың.
Сол бағың - сүйген жардың шаңырағы,
Таққан соң келіндіктің орамалын.

Жұбайлық жолдың солай ізгі өрнегі,
Ойлаттың бақыт жайлы бізге әрнені.
Сол баққа соқпақ салар әрбір қыздың
Тұтамдай екен, әпке, қыз-дәурені.

Білемін, әпке, өзің де бағаландың,
Бақ жолын жүрегіңмен қалап алдың.
Аттайсың енді өзге босағаны,
Сезесің қасиетін орамалдың.

Бағыңа өмір дейтін қосады ағын,
Мінсіз боп тұрсын әрбір жасағаның.
Сенемін, әпке, саған, өзің аттар
Ұғасың қасиетін босағаның.

Тілекші саған, әпке, бәрі бүгін,
Қарсы алар бақытпенен таңы гүлін.
Шақырды сол таңыңа қыз соқпағың,
Ендігі түсінер деп жар ұғымын.

Сің, әпке, сол жұртыңа бағалан да,
Өмірдің жаман жағын қалап алма.
Сыйлай біл келіндіктің қасиетін,
Қастерлеп түйген бақыт-орамалға.

Десе де жылды - сынақ, уақытты - сын,
Шын сезім өз бақытын татыпты шын.
Өмірде қол ұстасқан сүйген жармен
Әпке, сен, шынында да, бақыттысың!

Қарамай пенде-ғұмыр күйбеңіне,
Барасың өзің қалап сүйгеніңе.
Бақ қонсын, бақыт қонсын әрдайым да
Сендердің шаттық толы үйлеріңе.

Бойжеттің, ақыл - серік, адаспадың,
Ұнайды сүйгеніңмен жарасқаның.
Сіңлің тілейді енді өздеріңе
Осынау соқпақ-жолдың бақ ашқанын.

Сендер жақ болсын бақыт, бақ алаңы,
Жұлдызың жоғарылап барады әлі.
Құт болсын өмір бойы, әпке, саған
Сен таққан бақытыңның орамалы!

Керемет тағы болса жібере берініздер,ән болса да жақсы болар ет!???
118,551 сұрақ
305,738 жауап
153,302 пікір
68,173 қолданушы