Халықтық емдеу | 176 қаралды
176 қаралды
Темекіні қойдыртатын үй өсімдіктерінің атын кім біледі?

1 жауап

Орыс ғалымы А.И Бабурин темекіні тастаудың жолын ашқан еді. Бұл Кеңес Одағы тұсындва пайда болып, өз заманында аз зор табысқа жеткен. Бүгінде темекіні тастаудың алуан түрлі тәсілдері бар.

Шылым шегуді қойғыңыз келсідей төмендегі ережелерді орындаңыз.

 А.И.Бабурин ережесі:

 Ашқарынға темекі тарпаңыз.

Тамақ ішер алдында 1-1,5 сағат бұрын темекі шекпеңіз
Тамақтанып болған соң, темекі тарпа

Темекі тартуға ниеттенсеңіз, уақыт созып кейінге қалдыруға тырысыңыз

Шылымға дегенниетіңізді басқаға аударыңыз. Мысалы: су немесе шырын ішіңіз, сағыз шайнап жеміс жеңіз.
Темекі қорабын алысқа, қол жетімсіз жерге қойып қойыңыз.

Өзіңізбен бірге сіреңке немесе темекі алып жүрмеңіз

Шылым тартқанда шылымды ауызда (ерінде) ұстамай, қолыңызға жиі алыңыз

Темекі демін терең тартып іште ұстауды доғарыңыз

Темекіні толық шекпей жартылай тартуға дағдыланыңыз

Қасыңызда 2-3 адам темекі шегісіп тұрса, олардан аулақ тұруға тырысыңыз

Темекіні қораптап, бума-бумасымен сатып алмаңыз

Темекі сортын ауыстырп тұрыңыз

Шылымды тік тұрып шегіңіз

Қолыңыз бос болмаса шылым тарпаңыз

Әр нәрсені күту кезінде шылым тарпаңыз

Көшеде жүргіншілерден темекі сұрамаңыз


Міне Бабуриннің ережесі осылай болып келеді. Осы қағидаларды орындасаңыз шылымды тастап кетуіңіз ғажап емес. Ережеге мына қағидаларды қоса орындаңыз.

1. Бастапқы этапта өзіңізге жақын 4-5 ережеден бастап соны бұлжытпай орындаңыз. 

2. Екінші этапта осы ережеге тағыда біразын қосыңыз

3. Өзіңізге осы ережені күнде-күнде орындауды міндеттеп қойыңыз

4. Ал үшінші этапта сіз темекіні тастап кете алсыз.

 

* Темекі тартатын адам күніне орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін сорады. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады. Қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені мәлім болып отыр. Сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жоламай-ақ қойсын, шылымқорлар одан құтылудың жолын қарастырсын.

Ашығында темекіні тастау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, сабыр-төзіміне көп байланысты. Әсілінде, адамдардың нәпсісіне тыйым сала білетін ең тамаша уақыт – ораза ұстайтын қасиетті рамазан айы. Ораза ұстаған адамның күні бойы темекі тартпағанына қарағанда, біраз сабыр көрсетіп, басқа кездерде де осы күйін жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертінен құтылуға болады.

Егер темекіні тастасаңыз:

24 – сағаттан кейін жүрек талмасы қаупі азаяды.

2 – күннен кейін дәм мен иіс сезу жағдайы әдеттегі адамдамен теңеседі.

3 – күннен кейін тыныс алу қалыпты жағдайға жетеді.

3 – айдан кейін өкпе әдеттегіден 30 пайыз артық жұмыс жасайды.

1 – жылдан кейін жүрек ауыру қаупі 50 пайызға азаяды.

10 – жылдан кейін өкпе рагіне шалдығу қаупі темекі шекпеген адамдікмен теңеседі.

15 – жылдан кейін жүрек пен қан қысымы ешқашан темекі шекпеген адамдармен бірдей болады.

Темекі санын күн сайын азайтып, ақырында ада-күде арылуға болады. Темекі тастаған соң, оны қайтадан тартпау керек. Темекі есіңе түскенде басқа бір істермен айналысқан жөн. Қатты қиналсаңыз, Алла Тағалаға дұға етіңіз. Рас, исламда темекі кіші күнәлардың қатарына жатады. Бірақ, алты кіші күнә қосылып бір үлкен күнәні құрайды екен. Үлкен күнә жасамай, Аллаһтан қорқыңыз. Сол сәт темекі құмарлығыңыз бәсең тартады.

Мәліметтер ашық ақпарат көздерінен алынды.

118,124 сұрақ
304,634 жауап
153,303 пікір
66,761 қолданушы