0 дауыс
385 көрілді
Қазақстан мен Түркіменстан арасында эконмика қалай дамып жатыр, арада қандай тауарлар сатылымда жүр!?

1 жауап

0 дауыс
Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 5 қазанында орнатылды.

Қазақстанның Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Орман Кәрімұлы Нұрбаев (2012 жылғы желтоқсаннан бастап).

Екіжақты ынтымақтастық 1993 жылғы 19 мамырдағы Достық қатынастар және ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес дамып келеді.

Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын 70 астам құжаттар құрайды.

2013 жылғы 10-11 мамырда Түрікменстан Президенті Г.Бердімұхамедовтің Қазақстанға мемлекеттік сапары өтті.

2014 жылғы 2 желтоқсанда ҚР Президенті Н.А.Назарбаев Түрікменстанға ресми сапары болып өтті. 3 желтоқсанда Мемлекет басшысы Түрікменстан және Иран президенттерімен бірге «Өзен-Берекет-Горган» халықаралық темір жол магистралінің ашылу салтанатына қатысты.

Экономика саласындағы екі жақты қатынастардың дамуына экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрікмен Үкіметаралық комиссиясының жұмысы мүмкіндік туғызуда. Үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысы 2016 жылғы 20-21 қарашада Ашхабад қаласында өтті.

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы 2016 жылғы қаңтар-қазан аралығындағы тауар айналымының көлемі 204,5 млн.АҚШ долларды құрады, бұл көрсеткіш үйлес кезеңдегі көлемнен (145,6 млн. АҚШ доллары) 40,5%-ға көп.

Қазақстан Түрікменстанға негізінде өсімдіктерден жасалған өнімдерді, металл бұйымдарын, табиғи фосфат кальцийді, ағаш материалдарын және одан жасалатын заттарды, металпрокат, сонымен қатар ұн, ұннан жасалған және тәтті тағам бұйымдарын экспорттайды.

Түрікменстаннан Қазақстанға газ, мұнай және мұнай өнімдері, моторлы көлік құралдары, қызанақтар, қозғалтқыштар және қуатты қондырғылар жеткізіледі.

2016 жылғы 25-26 тамызда Ашхабад қаласында «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің ұйымдастыруыменен қазақстандық өндірущілердің сауда миссиясы өткізілді.

2014 жылғы 29 сәуір – 2 мамыр аралығында Қазақстанда Түрікменстанның Мәдениет күндері өткізілді.

Қазақстан Республикасында Түрікмен қоғамдық-мәдени орталық (Алматы) жұмыс істейді, Түрікмен ұлттық-мәдени орталықтары Маңғыстау, Қостанай және Қарағанды қалаларында Қазақстан халық Ассамблеясына өте белсенді қатысады.
...