0 дауыс
2.8k көрілді
Нағыз сатушы нені білуі керек ?

Тауарларды қалай  сатуға болады ?Сатып алушыларға қалай ұсыну қажет ?

2 жауап

+3 дауыс
Сатушы нені сатып жатқаны жайлы толық ақпараты болуы керек. Ол тауарды жарнамалағанда бәрі сапасына сәйкес келіп тұрса, келесі жолы да адамдар сеніп, өзінің таныстарына да сөз арасында ақпарат беріп қалады. Ол арқылы сатып алушылардың саны көбейе түспек. Егер сапасыз тауарды өтірік мақтап, өткізсеңіз, бұл тек бір жолы ғана болады. Өзіміз де таныстарға өзіміз пайдаланып көрген, жарнамасы ұнаған, көңілден шыққан тауарларды ұсынып жатамыз. Сондықтан, барынша сапалы затты, лайықты етіп ұсынған дұрыс.
+1 дауыс
сатушы нені білу керек?

- сатушыда ең бірінші қарым-қатынасқа тез, еркін түсе алу кабілеті керек.

- өз тауары туралы ақпаратты және басқа тауарлардан айырмашылығын, артықшылығын білу керек.

- сатушының сыртқы көрінісі әдемі, ұнамды болу керек. Тауарға көз тастаушы сатушыны да ұмытпайды.

- сатушы ақша айналымын жасауды білу керек. Ақшаны дұрыс, ретімен, есеппен айналымда жүргізу табыстың негізі болмақ

-сатушы клиентке жағдай жасауы керек
...