0 дауыс
547 көрілді
Әлеуетті клиент тауарлар немесе қызметтер жөнінде білуі үшін не істеу қажет?

1 жауап

0 дауыс
Ерте ме, кеш пе клиенттер сіздің тауар турасында хабардар болады. Мәселе клиент үшін хабардар болу жеткілікті ме дегенге келіп тіреледі. Сондықтан клиент дәл сізге асығуы үшін оларды тарту қызметі дұрыс жолға қойылуы керек. Сонымен, барлығын ретімен бастайық. Ең бірінші тауарыңызды/қызметіңізді өтімді етудің бағдарламасын құру қажет. «Алға жылжыту бағдарламасы» дегеніміз - Сіздің мақсатқа, мерзімге және бюджетке негізделген шараларыңыз. Бұдан әрі клиент сіздің тауарыңыз немесеқызметіңіз жөнінен хабардар болуы үшін ақпараттық міндетті іске асыру қажет. Ол кәсіпорыныңыз/тауарыңыз/қызметіңіз туралы хабарламаны қайда және қалай орналастырған дұрыс және оны қандай қарқындылықпен істеу керек деген мәселе. Адамның ақпаратты қабылдауы бағытындағы зерттеулердің кейбірі жалпы алғанда затты сатып алуы үшін клиенттің жарнамалық хабарламамен кем дегенде 6 байланысы болуы керек екенін айтады. Сонымен тауар/қызметіңіздің жарнамасын тарату жөнінде шешім қабылдау үшін алдын ала шағын талдау жасаңыз:
• Бәсекелестеріңіздің жарнамаға жұмсайтын шығынын есептеңіз. Ойдағыдай табысқа жету үшін Сіздің шығындарыңыз да олардікімен шамалас болуы керек.
• Жарнама орналастырудың құны бойынша сіздің қолайыңызға жағатын тәсілін «жарнама құны – әлеуетті клиенттер саны» принципі бойынша анықтап алыңыз. Егер Сіз жарнама орналастыру жөнінде шешім қабылдасаңыз, өз материалдарыңыздың таратылуын бақылауыңыз керек. Сатылым мөлшерін бақылауда ұстаңыз. Егер сауда көлемі артпаса, тез арада себебін анықтаңыз. Сіз таңдаған жарнама тарату тәсілі тиімсіз болуы мүмкін.
...