Дәрігерлер | 331 қаралды
331 қаралды
Мен тұтығып қалам қатты емес .

Алматы қаласында қандай орталықтар бар.

Қандай кісілерге барам, қандай орталықтарға баоамын?

 больницаға барсам жəне барғанда кімге барамын?

1 жауап

Тұтығу - бұл сөйлеу ырғағымен сөйлеу екпінінің бұзылуы. Әдетте тұтығу сөйлеудің интенсивті даму кезеңінде пайда болады, көбінде бала 2-5 жасында фразалармен айта бастаған кезде көрінеді. Тұтығу балаларда үнемі жүйке жүйесінің әлсіреуінен болады. Сонымен қатар тәрбиелеу кемістігі, жанұядағы конфликтілік жағдайлар және тағы басқалары үлкен роль алады.

Тұтықпа 2 түрлі себептен болуы мүмкін:
Біріншісі
-тұқымқуалаушылық, энцефалопатиялық ауру салдарынан, жатырішілік немесе босану кезіндегі травмалар, инфекциялық ауру салдарынан жүйке жүйесінің зақымдануы;

Екіншісі - - кенеттен пайда болған психикалық травмалар (қорқу, шошыну)

- Отбасындағы екі немесе одан да көп тілде қарым-қатынасқа түсу

- Шет тілдерін үйрету.

- Еліктеу

- Тахилалия (өте жылдам сөйлеу)

Тұтықпадан арылу әдістері:

Қорқыныш, депрессия белгілерінен арылту қажет. Дұрыс тамақтану, күнделікті күтім, күн тәртібін сақтау және жеке бас гигиенасын күту- сөйлеу тілінің дұрыс дамуын қалыптастыруға жәрдемдеседі. Жүйке жүйесінің қалыпты функционалды дамуына және оның шаршамауына ұйқы мен ояу жүру үрдісін дұрыс ұйымдастыруға да байланысты. Психикаға шамадан тыс салмақ түсірмеу керек.

Логопед маманмен міндетті түрде жеке жұмыс жасаған дұрыс.

Алматыда мұндай орталықтар көп. Бағасы сағатына 2500-3000 теңгеден басталады. 

Жақсы Жауап
118,439 сұрақ
305,386 жауап
153,303 пікір
67,823 қолданушы