Денсаулық, Әдемілік | 12.7k қаралды
12.7k қаралды
Менің құрбым бар,ол кишкентай кезинде қатты қорқып қалып содан тұтығып(кекештеніп) қалады,бурындары кишкентайымызда  олай сөйлемейтин секілді еді қазір  жиі жиі тұтығып қалады,өзі айтпайды,бірақ уялатын секілді,өзі әдемі ,нәзік қыз,сабаққа да жақсы,Қандай көмек берсем екен?дәрі дәрмек?
"Тұтығу" деген не өзі?
Тұтығу (кекештену) деп жазып қойған ғой.
жазылды делік, кекештену деген не?
кекештену деген мысалы сөйлегенде бірден айта алмай "б..б..бер" деп қайталап барып әрең айту.
ғырт екенсің... адамның айтар сөзін айталмай тұрып қалуы ((сөздерін бөліп-бөліп айтуы))
Түсінікті, ғырттықты да көтере білу керек :)    Рақмет
Ғырт деген не деген сөз?

13 жауап

Хиджама деген Мұхаммед (оған Аллахтың игілігі мен сәлемі болсын) айтып кеткен емдеу тәсілі бар. Интернеттен зерттеп көр. Ол біраз аруды емдейді. Жақында өзім де біліп таң тамаша болдым. Көз ауруы, тіпті семіздік пен арықтықты, жын кіріп кеткен адамға дейін және т.т.емдейді. Кекештену де болды ғой дим.
ойбай минус берген нес? мен емделу тәсілін жазсам. қызық екен адамдар. Бұл тәсіл тіпті Құранда жазылған. Ойнап жазып отырмынба?
Ұмсынай,қара,сенде тек -1 тұр,демек 1 адам ғана сені минустаған,ал сен қызық екен адамдар депсің,көпше түрде айтудың керегі жоқ еді ғой
Еки минус қойғандар мен сендерді тауып алам!! ))))))
Таба алмайсың,ол мүмкін емес
Менің әкем ҰҚКда істейді, тауып алаам]:):)
Ұмсынай  +1.
Ол үшін ең алдымен, адам өзінің жазылатынына сенуі тиіс, күн сайын кез келген сөздерді буынға бөліп айтсын, дауысын кен ашатын ән айтсын, халық, дәстүрлі әндерді айтса тамағы ашылаа бастайды.Сонымен қатар, әр әріпті айтқанынша ұзақ айтып тұрғаны жөн.Бұл көмектесе арнайы маманға барсын. Өйткені мен айтқан мына мысалдар адамға міндетті түрде көмектесуі тиіс, дәлелденген нәрсе. ЖЖ таңдарсын.
ЖЖ таңдарсыңы қызық екен,ондай сұрап алушылықты қой,ұят болады,егер сенің көмегің тиіп,жауабың ұнаса айтпасаңда ЖЖ таңдайды,нағыз таңдамай жатырса модераторлар таңдап береді
көп рахмет барлықтарынызға, тағы да қандай ем домдарды билесиздер?
Менде бұрын осылай кекештеніп ауырғаным бар.Қазақы емге қаралдым.(қызақы емді түсінетін боларсың),маған мед,сарымай дегендерге дұға оқып,оны тамақпен қосып іш деді,және де дұғалық(бойтұмар,оқылған) берді.Сосын қорғасын құяды басына(енді басына құймайды,төбесіне тостақ ұстап тұрып соған құяды),сол арқылы неден қорыққанын анықтайды.Соған қарап тағы бірдеңелер оқиды.Менің кеңесім қазақы емге қаралсын.Аллаға шүкір,қазір айықтым кекештіктен.

Тағы мынадай жолы бар,сондай қорқып кекештеніп қалған адамды,тағы бір рет қатты шошытса сөйлеп кетеді екен.Сосын қазақы бір наным-сенімба,әлде ырым ба сондай емдеу әдісі бар.Оны айтсам бәрі күлер.Керек болса жеке хатқа хабарласарсың.Тағы бір кеңесім кітап,газет журналдарды көп оқығанның да пайдасы бар.
Қорықтық құйу (қорғасын) негізінен көмектеседі. Үлкен молдалармен сөйлессен құйып береді.Бала кезімде тауықтын балапанын ұстап алып ойнап турғанымда тауық қуалап журіп шоқып еді.Ол 5-6 жасымда болған он екі жасымда қорықтық құйғызғасын қорғасыннан тауықтын суреті шыққан болатын.Содан кейін түнде шошуым басылды...Мүмкін бұл сенің досыңа көмектесіп калар.
бойтұмар деген Аллаға серік қосу!!!   Адам деген соны тағып алып ол мені қорғайды деп ойлап Аллаға серік қосады ол үлкен күнә. Біліп тұрып киетін адамға күнә. Ширк!!! Тіпті кей біреулер бір әйгілі әулиелерде түнеп солардан тілейді ОЛ ҮЛКЕН КҮНӘ. Біліпжасаған адамды кешірментіндей ауыр! Сол жерде жарқан адам, денесі шіріп жатқан адам несъмен көмектессін. Олар естіп тұрса да жауап бермейді.
Маған сол жерде жатқан адам атып шығып көмектесті
Серік қосып жатқан ешкім жоқ,ауырған адамның шипа іздеуі заңдылық,ал кекештенуді тек қазақы ем емдей алады
Досым-ау оны ән айу арқылы яғни мәнермен сөйлеу арқылы ғана тұтытығудан айығуға болады.Мәнермен сөйлеп үйренсе болды ақырын ақырын сөздері анық бола бастттайды...

Мен айтып кетейін бұнын емі жоқ емес бар?

Құрбыныз расында да,кішкентай кезде жаман қорқан немес үйінде жан-жалдан шошып қалған,Оны  ТҮРКІСТАН қаласына  АРЫСТАН БАБ КЕСЕНЕСІНЕ бару керек,СОнда бір  үлкен молда кісілер болады,сондағы ИМАНДАР бар ЕМШІЛЕР БАР солар 10-20 күн алып қалып емдейді,Содан кейін бұлбұлдай сайрап кетеді?

Аруақтан тілемеу керек Алладан ғана медет тілеп,тура жолдан таймау керек аулие аралау ол бир гана мақсатпен бару керек.ОЛ сол олген адамнын күнасініің кешірілуін тілеп қана.Ал аулие-әмбиден тілеу ол күнә.Арыстан бап ол аулие де емес онын ғылымы мықты болсада әулие болсада дәрежесі пайғамбарға жетпейди.Аруақтан тілек тілегенше христяндар сияқты пайғамбардан тилек тиле.Сенің аййтып отырғаның...Емдеу,аруақ аралау ол капірлердің дініненде әлсіз.Тек аллаһтан ғана тіле,Аллаһтан ғана медет кут...Абай атамыз айтпай ма? Жаратылғаннан тілеме,Жаратқаннан тіле демейме...Әркез умытпайық аруақ аралап тілек тілемейік....
Белгісіз
Тұтығу деген Сөз

дерді дурыс айта алмайды
Белгісіз
Ешқандай турпаходқа барудың қажеті жоқ! Менде тұтыққанмын! Тіпті кейбір кезде әдебиеттен апайға жаттауды параққа жазып беретінмін. Егер ол қорыққаннан тұтыққан болса оған ерекше бап керек. Айналысындағы жақындары достары оған көп сөз беруі керек. Сен айта аласың ғой-деп, алдап- сулап. Құрбылары ортасына алып онымен жақын сырласуы керек. Ішінде көп сыр тұнып қалса оның кекештігі онан сайын күшейеді. Жақындары да оған ерекше сыйластықпен қарау керек. Ұрып тәрбиелеу, отбасындағы ұрыс жанжал оның дертін онан сайын асқындырады. Онымен сырласатын адамы өте сенімді болуы керек. Әйтпесе оның сырын әлгі құрбысы өзгелерге жарияласа ол қызды оңайлықпен сауықтыра алмайсыз! Ол өзі ән айтсын,би билесін,көркем өнерлермен айналыссын! Құран оқысын. Сақтансаң сақтаймын деген. Алла басына салыпты . Енді сол басына салған ауыртпалықтықты жақын жуықтары , құрбы - достарымен көтерсін. Ал тәуіпке бару т.б. ырымдар маған ешқандай пайдасын тигізбеген. Қайта сол барғандарымды ойлап онан сайын өзімді жұрттан кем санайтынмын. олай болмауы керек. Сосын комптің алдында не болмаса кітапты қығанда дауыстап оқи берсін. Буындап сөйлеп нерв жүйесін ретке келтірсін. Негізі осындай жағдайларды емдеуге медицинада логопед деген мамандар бар. Жақсы логопед болса жылдам емдеп шығарады. Алла өзіне күш берсін енді!
улкен рахмет сизге

«Баланың тұтықпаны түзетуге деген қызығушылығын ояту үшін, оны өзін еркін ұстап, тұтықпасына немқұрайлы қарайтын және керісінше тұтықпаны түзетуге бар ынтасын салған үлгі тұтарлықтай адамдар ортасымен араластыру қажет.»  А. Сикорский. 

Тұтықпа – сөйлеу мүшелерінің бұлшықеттерінің тартылу салдарынан сөйлеудің ырғақтығының, жылдамдығының бұзылуы. Тұтықпа органикалық немесе функционалды болып бөлінеді., көбінесе ол баланың тілін жедел даму кезеңінде пайда болады. 
Сөз басында сирек жағдайда сөз ортасында пайда болатын артикуляция қимылы мен басқа сөйлеу мүшелерінің тырыспасы салдарынан логопат белгілі бір дыбыста іркілуге мәжбүр . Аталған белгілер клоникалық және тоникалық тұтықпаға жатады. 
Тоникалық тұтықпада науқасқа бір дыбыстың тежелуінен екінші бір артикуляциялық қимылға ауысу қиынға соғады. Тұтықпа өзінің дамуында кенеттен пайда болатын қысқа мерзімдік мүдірістен бастап, адамның қарым-қатынасқа түсуіне орасан зор қауіп төндіретін тұлғалық проблемаға әкеп соғуы ықтимал 
Невротикалық тұтықпа дені сау балаларда стресс пен невроз салдарынан пайда болады. Балаларда туа пайда болатын және жүре пайда болатын жүйке жүйесі ауру салдары неврозды тұтықпаға ұласуы мүмкін. 

Этиология мен патогенезі
Тұтықпаның пайда болу себептеріне байланысты ешқандай ғылыми теориялар мен жүйелі эксперименталды мәліметтер жоқ. 
Тұтықпа 2 түрлі себептерден болуы мүмкін: 
Біріншісі -тұқымқуалаушылық, энцефалопатиялық ауру салдарынан, жатырішілік немесе босану кезіндегі травмалар, инфекциялық ауру салдарынан жүйке жүйесінің зақымдануы; 
Тұтықпаның пайда болуына әкеп соғатын бірқатар себептер: моторика мен ырғақты сезінудегі бұзылыстар, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсе алмау, тұйықталу салдарынан пайда болатын, жасырын психикалық аурулар. 
Жоғарыда атап өтілген жағдайлардың бірінің пайда болуы жүйкеге әсер етпей қоймайды, салдарынан тұтықпа пайда болады. 
Екінші себебі : 
- кенеттен пайда болған психикалық травмалар (қорқу, шошыну) 
- Отбасындағы екі немесе одан да көп тілде қарым-қатынасқа түсу 
- Шет тілдерін үйрету. 
- Еліктеу 
- Тахилалия (өте жылдам сөйлеу) 

Тұтықпа патогенезі қыртысасты дизартрия механизмімен ұқсас. Оның құрамындағы-дыбыс шығару , артикуляция мен тынысалу үрдісінің координациясы бұзылған. Сондықтан кей жағдайда тқтықпаны дизритмикалық дизартрия ретінде белгілейді. 

Басми қыртысы мен қыртысасты құрылымдардың өзара индукциялық іс-әрекеті ажыраса ми қыртысысының жұмысын реттеуге кедергі келтіреді. Осыған байланысты қимыл-қозғалысты алдын-ала дайындайтын стриопаллидарлы жүйе жұмысында ақау пайда болуы мүмкін. Қозғалысты 2 түрлі қызмет атқаратын бұлшықет топтамасы жүзеге асырады.-бірі жиырылады, келесі- демалады. Бұлшықет тонусының нақты және үйлесімді іс-әрекетінің нәтижесінде тез және қатаң дифференсацияланған қимылдар жүзеге асуы мүмкін.Бұлшықет тонусының рационалды үйлесімін бақылау осы стриопаллидарлы жүйемен жүзеге асады. Мидың анатомо-патологиялық бұзылысы немесе эмоционалды қозу салдарынан сөйлеу тілінің стриопаллидарлы реттеуші қызметі төмендеп клоникалық қайталауға (тик) немесе тоникалық спазмаға әкеп соғады. Уақыт өте келе патологиялық рефлекс-сөйлеу тілінің автоматизациясының бұзылысы мен сөйлеу тілі аппаратының мускулатурасының гипертонусы – шартты рефлекске ұласады. 
Тұтықпа бірқалыпты емес бұзылыс, мүдіріс форма бойынша, пайда болу орыны мен жиілігі бойынша бөлінеді. 
Форма бойынша: клоникалық, тоникалық, аралас болып бөлінсе, ал локализациялық орыны бойынша : артикуляторлық, дыбыс шығару, демалу орындарына бөлінеді. 
Локализациялық орыны 
Тыныстау орыны. Тұтықпада сөйлеу барысындағы тыныстау бұзылысы логопаттың инспираторлы дауысты немесе белгілі бір дауыссыз дыбыстарды дыбыстауда пайда болады.Яғни, Дыбыстауда дыбысты емес, тынысты пайдаланады. Қысқа тыныс шығару тек сөйлеу барысында ғана емес, тыныштық күйінде де байқалады.Өйткені сөйлеу барысында (қалыпты балада) демалу, жай демалудан айырмашылығы: дем жұту тез, дем шығару баяу, демалу көлемі молырақ, көбінсе ауызбен дем алынады, дауыс желбезегі демалу кезінде қашықтайды, ал дем шығару кезінде жақындайды. 
Дауыс Тұтықпа барысында дыбыстау дауыс байламдарындағы тырыспалармен қабат жүзеге асады да дыбыстың дұрыс пайда болуына кедергі жасайды.Тырыспалардың әсерінен дауыс байламы тез-тез жоғары – төмен көтеріліп әрекет етеді.Логопат сөзді жаймен созып айта алмаған соң, дауысты дыбыстарды қатты дыбыстауға тырысады. Ал жаймен сыбырлап сөйлегенде немесе әндеткенде тұтықпа байқалмайды. 
Артикуляция Артикуляцияда функционалды бұзылыстан басқа соматикалық бұзылыстар байқалады. Мыс: таңдайдың биік болуы, тілді ауыздан шығарғанда жанына қарай қисаюы, танау тесіктерінің гиперторфиясы. 
Ілеспелі ырықсыз қимыл-қозғалыстар Сөйлеу барысында адамның саналы түрде орындайтын, бірақ қажет болып табылмайтын қозғалысы. 
Логопат басын артқа қарай шалқайтып, көзін жұмып, жұдырығын түйіп, иықтарын қозғалтып, аяғымен жер теуіп, бір аяғын екінші аяғымен басуы мүмкін.Бір сөзбен айтқанда клоникалық немесе тоникалық тырыспа қимылдарын орындайды. 
Психика Тұтықпа дамыған жерде психикалық ауытқудың болатыны анық.Көп жағдайда кейбір буын, дыбыс немесе сөздерді дыбыстауда үрей сезімі болады.Көбіне логопаттар саналы түрде бұл дыбыс, буын, сөздерді атаудан қашқақтайды және оларды басқа сөзбен алмастыруға тырысады. Қатты асқынған жағдайда бала мүлде сөйлей де алмауы мүмкін.Қалыпты қарым-қатынасқа баланың түсе алмауы, оның өзін-өзі төмендетуіне , кем санауына және оның ішкі «менінің» жойылуына әкеп соғады. 

Тұтықпаның деңгейлері: 

Жеңіл. Тез сөйлегенде немесе толғанып сөйлегенде пайда болады. 
- Көп жағдайда сөйлемнің бастапқы сөздерін айтуда қиналады. 
- Сөйлеу тілінің қысқа бөлімдерін айтуда байқалады: қосымша, жұрнақ-жалғау, шылау, үстеу, одағай, қаратпа сөздер т.б.

«Коммуникативті қысым» тұтықпаны асқындыра түседі. Бала өзінің тұтығып сөйлегеніне мән бермейді, ұялмай сөйлейді. Сөйлеу барысында ешқандай қорқыныш сезімі болмайды,бірақ кенеттен пайда болған толғаныстан тұтықпа өршуі мүмкін. 
Орташа Бала өзіне таныс ортада жеңіл сөйлеп, аз тұтығады. 
Қоршаған ортмен қарым-қатынасқа түсуге кедергілер мен ырықсыз қимылдар пайда болады, біртіндеп шиеленісті жағдаяттар көбейеді.Тұтықпасы бекіп, созылмалы күйге ауысады.Алайда , логопаттың өзінде ешқандай қорқыныш, үрей сезімі болмайды, қарым-қатынасқа түсу үшін кез-келген мүмкіндікті пайдаланып, айтуға қиындық тудыратын сөздерді басқа сөздермен ауыстырады.. Тұтықпаны емдеу, түзету туралы ой немесе қызығушылық болмайды Олар өздерін тыныштандырып бағатын тәрізді. 
Ауыр Бала барлық сөйлеу түрінде тұтығады, ылғи ілеспелі қимыл- қозғалыстар пайда болады. 
Тұтықпаға эмоционалды реакциялар пайда болады. 
-тұтықпаны тосу (антиципация) 
-белгілі бір дыбыс, сөздерді айтудағы қиындықтар 
-мінез көрсету 
-логофобия (Сөйлеуден қорқу) 
-сұраққа-жауап берулен қашу. 
Тұтықпаның асқынуы сөйлесуден бас тартуға әкеледі, нәтижесінде қарым-қатынасқа түсу ортасы азаяды. Бұл оның жоғарғы психикалық дамуына кері әсерін тигізеді. Өзін өзге де өзі сияқты құрбыларынан ерек санайды, құрбыларымен аса байқампыздықпен, абайлап араласады. Нәтижесінде бала мен ата-ана , құрбылар, сыныптастар арасындағы түсініспеушілік әсерінен өзінің толыққанды екендігіне күмәнмен қарайды. Ашулану, шошу сөзімдері жиіленіп, жүйкеге салмақ түседі.Баланың мектептегі тұйықтығына, ынжықтығына, ебедейсіздігіне байланысты оқу үлгерімі нашарлайды. 
Тұтықпа болашақта мамандық таңдауда, отбасын құруда кедергілер әкелуі мүмкін. 

Тұтықпаны түзетудің тиімді жолдары

Тұтықпаны сәтті түзету, уақытылы диагностикалауға байланысты. Түзету сабақтары топтық және жеке формада өтеді. Бұнда ең басты назар ұжымдық ойын психотерапиясына және логопедиялық ритмикаға бөлінеді. Сонымен қатар,отбасылық психотерапия, баланың және отбасының көңілін түзетуге бөлу, релаксациялық жаттығуларды қолдану.Балаларды такт ырғақты қозғалыспен немесе монотонмен сөйлеу, әндету тәсілдерін қолданады.. Десенбилизация, аутогенді жаттығуларды қолдану арқылы, өз-өзін тәрбиелеуге баулу.

Көмекші медикаментозды емдеудің мақсаты – қорқыныш, депрессия белгілерінен арылту қажет. 
Тұтықпамен профилактикалық жұмыс 2 – ге бөлінеді, бірі – баланың денсаулығын нығайтуға , екіншісі – сөйлеу тілінің дамуын түзетуге бағытталған.

Дұрыс тамақтану, күнделікті күтімі, күн тәртібін сақтау және жеке бас гигиенасын күту-бұл баланың психикасымен сөйлеу тілінің дұрыс дамуын қалыптастыруға жәрдемдеседі. 
Жүйке жүйесінің қалыпты функционалды дамуына және оның шаршамауына ұйқы мен ояу жүру үрдісін дұрыс ұйымдастыруға да байланысты. Баланың психикасына шамадан тыс салмақ түсірмеу керек. Мысалы: ересектер көретін телебағдарламалар көсетпеу, ұйқы алдында гиперэмоционалды ертегілер айтпау қажет. 
Баланың сөйлеу тілі толыққанды дұрыс дамуы үшін үш түрлі бағытта жұмыстану қажет: біріншісі-баланың қоршаған орта туралы, құбылыстар мен заттар туралы түсінігін кеңейту: ойын, серуен, кітап оқу. 
Екіншісі – баланың сөйлеу тіліндегі тырыспалар жөнінде ескерту, профилактикалық алдын-алу жұмыстары. Сөйлеу тілі жаймен, асықпай созып айтуға, өз ойын ойланып кезең-кезеңімен жеткізуге баулу. 
Үшіншісі – Баланың дұрыс дыбыстау, ырғақты, темпті ұстауға үйрету. Бірақ балаға жаңалықты баяу екпінмен, жаймен ғана түсіндіріп отыру керек. 
Тұтықпаны түзеткен соң, қайталанбас үшін соған сай шарттар мен режімді сақтап, қолайлы психологиялық жағдай туғызу керек. 

Менын куттай кезымде мамам жумыска кетеды сол кезде Аманкелды деген менын агам болды туган агам емес бырак, Сол мены тербетип олен айтып жаткызганда тутыгып кала беретын болды менде агамды мазактап кайталай бертинмин , 5 жасмыда ол тутыкпа озиме келды , Мен кей кезде ел катарлы сойлей алмаймын деп жылап алатынмын казыр жасым 12 де али тутыгып журм , Сабак айтакна жиы тутыгам , Мен осыдан 1-2 ай бурын аздап койып кышкене дузелып катр едм кайта тутыгып кеттым , Оте киын нарсе  Аллах ТагАлаа бастарынызга бермесын , Тек комектесиниз дершы отинем
Менде тұтығам өте қатты өз достарымнан басқа адамдардан қатты ұялам сабақтада тілім байланып ештене дей алмай қалам
Менде кекештеніп сойлеймин уялам
Жасым  12де  Мектепте  кітап  оқып  жатсам  кейбір  сөздерді  айта  алмай  қалам
Достарыммен  де  сөйлесе  алмайм

Не  істесем  болат
118,354 сұрақ
305,191 жауап
153,292 пікір
67,547 қолданушы