0 дауыс
8.1k көрілді
Саламатсыздар ма! Мемлекеттік мекемеге 2018 жылдың қаңтар айынан бастап жұмысқа тұрдым. Жұмыс өтілім 1 жыл. 2017 жылы 1 жыл бойы басқа мемлекеттік мекемеде жұмыс жасадым, бірақ ол мекемеде штаттан тыс қызметкер болғаным және еңбек демалысына республикалық бюджеттен қаражат қойылмағанын айтып еңбек демалысын бермеді. Қазіргі жұмыс орныма переводпен ауыстырудың орнына өз еркіммен деп арыз жаздырып шығарып жіберді, расчетный ештене бермеді. Ендігі сұрағым ақылы кезекті еңбек демалысыма қанша уақыттан кейін шыға аламын? Көмектесіңіздерші?!!

3 жауап

0 дауыс

Әр қызметкер жарты жыл өткен соң, басшылыққа екі апта бұрын ескертіп, кез келген уақытта құрметті демалысын пайдалану мүмкіндігі бар. Егер ол қарсы болмаса, саяхаттауға жинала берсеңіз болады. ҚР Еңбек кодексі №251 101-бап. Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысының ұзақтығы Егер қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін басқа нормативтік құқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушінің актілерінде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы беріледі.  Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.

Еңбек демалысы үшін төленетін сома

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердің соңғы 6 немесе 12 айлық табысына сәйкес есептеледі. Жұмыс істемеген мейрам күндері мұның ішіне кірмейтіндіктен, сол күндер үшін ақша аударылмайды. Ережеге сәйкес бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі. 

Бәрін мазалайтын сұрақ: демалыс өтемақысы қалай есептеледі? Оларды есептеу үшін он екі айдың жалақысын (кейде жұмыс істеген ай) он екі айдағы жалпы жұмыс күндеріне бөліп, еңбек демалысы күніне көбейтеді. Есептеу формуласы шамамен мынадай: (айлық жалақы1+айлық жалақы2+айлық жалақы3+...айлық жалақы12) / (он екі айдағы жалпы жұмыс күні) * (еңбек демалысы күндері) = қолға алатын сома

0 дауыс
менинде сурагым бар еди негизинде осы бойынша мен тарбиешимин садикте жартылай гос жартылай жекеменшикте енди менин жумыс истегениме бир жыл толды соган олар оздравительный толенбейди деп бир айлыкты ган тусиремиз дейд мен еще методисти коса аткпрдым 05 ставкамен оны есептелмейди деп тарбиешинин бир айлыгы гана туседи деп отыр осы дурыспа отиниш сиздерден жауап жазынызшы
0 дауыс
Жұлдыз, сіз провсоюзга звандап біліңіз, сонда өзіңіз толық жауап ала аласыз

Ұқсас сұрақтар

...