0 дауыс
1.4k көрілді
Сәлеметсіз бе?  Мен 10.08.15 бастап мектепте математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарамын. Маған ақылы еңбек демалысына 42 күн беріп тұр. Сол дұрыс па? Жас маманға 42 күн беру керек деген заң бар ма? Осы сұрағыма жауап алсам деймін. Рахмет.
Қиын екен!  біз 42 күн жұмыс істеп шаршап, мектепке барған кезде 9 ай бойы демаламыз ғой.

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Еңбек демалысының ұзақтығы

Демалыстың минималды ұзақтығы 24 күнді құрайды. Ұзартылған еңбек демалысына:

жалпы орта, техникалық және кә­сіп­тік, орта білімнен кейінгі жоға­ры және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері үшін ұзақ­тығы күнтізбелік 56 күн;
оқу-әдістемелік қызметкерлері қамта­масыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары­ның педагог қызметкерлері үшін - күнтізбелік 42 күн;
азаматтық қызметкерлер күнтізбелік 30 күн демалу құқығына ие.

Сонымен қатар, Еңбек кодексінің 103-бабына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы қолданылатын жұмыс режимдері мен кестелеріне қарамастан, еңбек демалысы күндеріне тура келетін мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі. Яғни, демалыс мерзіміңізге мерекелік күндер түсетін болса, ол күндерді есепке алдыртпауыңызға толық құқығыңыз бар. Яғни, 56 күн демалыстың ішінде, мысалы Астана күні түссе, онда 57 күн демала аласыз.

 

Сіздерге жақсы 42 күн демалыс. Біздерде 24 -ақ  күн демалыс. Демалыс ақыда аз шығады)))

0 дауыс
Саламатсыз ба? 2009жылдан бастап 12бастауыш мектепте жұмыс істеймін. Бала күтімінен шығып, 3.01.2018ж.жұмысыма шықты. Маған жазғы демалысыма қанша күн тиіс? Маған 20күн беру керек дейді.
...