Заң | 10.1k қаралды
10.1k қаралды
Жұмысқа тұрған уақыттан 4,5 айдан кейін еңбек демалысына шыға аламын ба? Егер болса, неше күнге? Ол туралы еңбек кодексінде көрсетілген бе?

7 жауап


Еңбек демалысы
 
Еңбек дамалысы - бұл жұмысшыны белгілі бір кезеңде оның орны (қызметі) мен орта айлық жалақысын сақтай отырып немесе әлеуметтік мақсатта жыл сайынғы үзіліссіз демалысқа босату.   
 
Демалыс түрлері 

төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстары;
әлеуметтік демалыстар:

жалақысы сақталмайтын демалыс
оқу демалысы
баланың тууына байланысты, жаңа туған баланы асырап алу.

Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы, нормативтік құқықтық актілермен, еңбек, ұжымдық келісім-шарттар мен жұмыс берушінің актілерінде қосымша күн қарастырылмаса, жиырма төрт күнтізбелік күнге беріледі.
 
Қосымша ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстары мыналарға ұсынылады: 

ауыр жұмыстарды, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардағы жұмысшыларға алты күнтізбелік күннен кем емес демалысы;
бірінші және екінші топ мүгедектеріне он бес күнтізбелік күннен кем емес ұзақтықта. 

Жыл сайын төленетін еңбек демалыстарының ұзақтығы еңбек демалысы кезінде болатын мейрам күндері есепке алынбай, қабылданатын режимдер мен жұмыс кестесінен тыс беріледі.
 
Жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеген кезде қосымша жыл сайынғы еңбек демалысы негізгі жыл сайынғы еңбек демалысымен есептеледі. Осыған орай, жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығының максималды шегі анықталмаған.
 
Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына құқық беретін еңбек өтіліне мыналар кіреді: 

деректі өтелген уақыт;
жұмысшы фактілі түрде жұмыс істемей, оның орны және жалақысы толығымен немесе бөлшегі сақталған уақыт;
уақытша еңбекке жарамсыздыққа байланысты жұмысшының жұмыс істемеген уақыты;
жұмысқа орналасар алдындағы жұмысшының жұмыс істемеген уақыты.  

Бірінші және келесі жұмыс істеген жылдары үшін төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы екі жақтың келісімімен жылдың кез келген уақытында беріледі.
 
Жыл сайынғы еңбек демалысы басталған уақытына дейін үш күнтізбелік күннен кем емес уақытта төленеді.
 
Назар аударыңыз!
 
Жұмыс жылы жұмысшының бірінші жұмыс күнінен бастап он екі айды құрайды.
 
Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысын берудің кезектігі: 

жұмысшылардың көзқарастарын есепке ала отырып жұмыс берушінің бекіткен еңбек, ұжымдық, демалыс кестесімен анықталады;
өндірістік қажеттілікке байланысты еңбек демалысынң кестесі өзгеретін болса, жұмыс беруші еңбек демалысына екі апта қалғанда алдын ала хабарлауы тиіс. 

Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы мына жағдайда ауыстырылады немесе толығымен немесе жартысы ұзартылады:

жұмысшы уақытша еңбекке жарамсыз болса, жүктілік демалысы және бала туу жағдайында;
жыл сайынғы еңбек демалысы кезеңінде жұмысшы мемлекеттік міндеттерді атқарса;
жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы тек жұмысшының жазбаша келісімі немесе өтініші негізінде ұзартылады немесе ауыстырылады;
екі жақтың келісімімен ауыстырылған еңбек демалысы жұмысшының өтініші бойынша келер жылдағы басқа еңбек демалысына қосылуы немесе басқа уақытқа келісім бойынша ауыстырылады;
екі жыл қатарынан еңбек демалысын бермеуге рұқсат етілмейді.  

Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысынан кері шақыру
 
Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы жұмыс беруші арқылы жұмышының жазбаша келісімімен үзілуі мүмкін. Жұмыс берушінің ұсынысынан жұмысшының бас тартуы еңбек тәртібін бұзу болып саналмайды.
 
Пайдаланылмаған жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының бөлігі екі жақпен келісілген еңбек келісім-шарты бойынша ағымдағы жылдың немесе келесі жылдың кез келген уақытында беріледі немесе келесі еңбек демалысына қосылады.
 
Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысынан кері қайтару кезінде, жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында келісім жасалып, еңбек демалысының пайдаланылмаған күндеріне өтемақы төленуі мүмкін.
 
Он сегіз жасқа толмаған, жүкті әйелдер мен зиянды және қауіпті (аса қауіпті) жұмыстарды атқаратын жұмысшыларды жыл сайынғы төленетін еңбек демалысынан шақыруға жол берілмейді.
 
Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмысшымен еңбек келісім-шарты бұзылса, жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндеріне өтемақы төленеді.
 
Жалақысы сақталмайтын демалыс негізі мыналар: 

некелесу;
баланың тууы;
жақын ағайынның өлуі;
еңбек, ұжымдық келісім-шартта қарастырылған басқа да жағдайлар.  

Оқу демалысының төлем ақысы еңбек, ұжымдық, оқу келісім-шарттарымен анықталады.
 
Жүкті әйелдерге, балалы болған әйелдерге, жаңа туылған баланы асырап алған әйелдерге (ерлерге) келесі демалыстар беріледі: 

жүктілік пен бала тууға берілетін төленетін демалыс;
жаңа туған баланы асырап алушы қызметкерлерге төленетін демалыс;
баланың жасы үш жасқа жеткенше қарауға берілетін жалақысы сақталмайтын демалыс.

Жүктілік пен бала тууға байланысты демалыс алдында немесе одан кейін бала бағу уақыты біткен соң, әйелдің қалауынша жыл сайынғы төленетін демалыс беріледі.
 
Егер Қазақстан Республикасының заңымен басқа тәртіп бекітілмеген болса, жүкітілік пен тууға байланысты әйелдерге төленетін демалыс, жетпіс күнтізбелік күнге және туғаннан кейін елу алты (егер ауыр жағдайда туылған немесе екі не одан көп бала туылса – жетпіс) күнтізбелік күнге беріледі.
 
Жаңа туылған баланы асырап алушы жұмысшыға (ата-ананың біреуіне) асырап алған күннен бастап және бала туылған күннен бастап елу алты күн өткенге дейін төленетін демалыс беріледі.
 
Жұмыс беруші үш жасқа дейінгі бала бағу үшін жұмысшыға жалақысы сақталмайтын демалыс беруі тиіс: 

ата-ананың таңдауы бойынша — анасы немесе әкесіне;
ата-анасына – баланы тәрбиелеушіге;
баланы нақты тәрбиелеп жатқан әжесіне, атасына, басқа туысына немесе асыраушысына;
жаңа туған баланы асырап алушы қызметкерге. 

Үш жасқа дейінгі бала бағу үшін жұмысшыға берілген жалақысы сақталмайтын демалыс толығымен немесе жұмысшының жазбаша өтініші негізінде бөлініп пайдаланылуы мүмкін.
 
Үш жасқа дейінгі бала бағу үшін жұмысшыға берілген жалақысы сақталмайтын демалыс кезінде жұмысшының орны (қызметі) сақталады.
 
Үш жасқа дейінгі бала бағу үшін жұмысшыға берілген жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты, егер басқа жағдай Қазақстан Республикасының заңында қарастырылмаса, еңбек өтіліне, мамандық бойынша еңбек өтіліне есептеледі.

дерек көзі

Еңбек демалысына кете алмайсыз. Жұмыс істегеніңізге міндетті түрде 1 жыл болуы керек.
11 айдан алуга болама алде миндетти турде 12 айда берилеме енбек демалысы
Алғашқы жұмысқа орналасқан жылы кезекті еңбек демалысына шығу үшін 1 жыл толу керек пе міндетті түрде
СӘЛЕМЕТСІЗДЕРМЕ?

Каникул кезінде мектеп мұғалімі бір заңға сүйене алама?  Каникул кезінде 3-сағаттық жұмыс жасау керек деген  қаншалықты рас?
бала күтімінен кейін жұмысқа шыққаныма 8 ай болды. Сұрақ: осы жылға кезекті еңбек демалысымды ала алам ба және емдік ақы төлене ма?
Сәлеметсіз бе! Тəрбиеші болып істеп жүргеніме 6 жыл болды. 2017 жылы қырқүйекте  ll категория алдым. Ақшасы түрлі сылтау айтып төленбей отыр. 2018 жылы қаңтарда төленеді дейді. Осы ll категорияға қанша ақша қосылады? Жақында декретке шығамын соған байланысты 6 айдан соң кезекті демалысқа шығуыма бола ма?
Егерде енбек демалысына 1 2 Айдай жетпей декретке шыгып кетсе алдын ала истеген уакытына енбек демалысы акшасын ала алады ма?

Ұқсас сұрақтар

118,356 сұрақ
305,199 жауап
153,292 пікір
67,552 қолданушы