0 дауыс
482 көрілді
19 күн еңбек демалысына қанша есептелінеді,230000-жалақымен

1 жауап

0 дауыс

Еңбек демалысының ақысы қалай есептеледі?

Есептеу оңай. Орташа бір күндік жалақыны демалыс күнінің санына көбейту керек.

Мәселен, қызметкер 2018 жылдың 1 қазанында 180 мың теңге көлеміндегі жалақымен жұмысқа алынды. Ол әрбір аптада (бес күндік) 40 сағаттан жұмыс істейді делік. Бір жыл толық жұмыс істеп, 2019 жылдың 1 қазанында 24 күндік еңбек демалысына шығады.

Еңбек демалысының ақысының көлемін 3 кезеңмен анықтаймыз:

12 айға есептелген жалақы: 180 000 х 12 = 2 160 000.

Орташа бір күндік ақы: 2 160 000 : 246 (12 айдағы жұмыс істеген күндердің жалпы саны) = 8780.

Еңбек демалысы ақысының көлемі: 8780 х 18 (24 демалыс күннен жұмыс істеген күндердің саны) = 158 048 теңге.

Маңызды: бұл сомадан 15 804 теңге міндетті зейнетақы жарнасы мен 9974 теңге жеке табыс салығы ұсталады. Сонда қолға тиетін еңбек демалысы ақысының сомасы 132 269 теңге болады.

Бір жылдан аз уақыт жұмыс істесең қанша аласыз?

Мұндай жағдайда орташа бір күндік ақыны есептеу үшін нақты жұмыс істеген уақыт алынады. Қалғаны солай есептеледі: жұмыс істеген уақыттағы орташа бір күндік ақыны демалыс күнінің санына көбейтеміз, сонда еңбек демалысы ақысының көлемі шығады. Одан салықтар мен міндетті аударымдарды алып тастаймыз – қалғаны қолыңызға тиетін қаражат.

Жалақы өзгерсе еңбек демалысының ақысы қалай есептеледі?

Жыл ішінде жалақыңыз жоғарыласа, индекстеу коэффициентін ескере отырып бәрін қайта есептеу керек. Жұмысшы бір лауазымнан басқа лауазымға ауысқан жағдайда жоғарылау коэффициенті қолданылмайды.

Мәселен, жұмысшы 2018 жылдың 1 қазанында 180 мың жалақымен жұмысқа қабылданды делік. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы 200 мың теңгеге дейін өсті. 24 күн еңбек демалысына ол толық жыл жұмыс істеп, 2019 жылдың 1 қазанынан бастап кетеді делік. Жалақысы демалысқа кеткенше өскеніне орай, орташа бір күндік ақы индекстеу коэффициенті ескеріледі.

Былай есептеу керек:

Индекстеу коэффициенті 200 000 (жоғарылаған жалақысы) : 180 000 (жоғарылағанға дейінгі жалақысы) = 1,11.

Орташа бір күндік ақы а) {180 000 х 1,11} х 3 = 599 400 теңге (қазандағы жалақы-желтоқсан 2018 жылғы индекстеу коэффициенті ескерілгені); б) 200 000 х 9 = 1 800 000 теңге (2019 жылдың қаңтар-қазан айындағы жалақылары); в) 594 000 + 1 800 000 = 2 399 400 теңге (индекстеу коэффициентімен 12 айға есептелген жалақы); г) 2 399 400 : 246 (12 айдағы жұмыс істеген жалпы күндер саны) = 9753 теңге (орташа бір күндік ақы).

Еңбек демалысы ақысының көлемі: 9753 х 18 (24 демалыс күннен жұмыс істеген күн саны) = 175 565 теңге.

Бұдан 17 556 тенге міндетті зейнетақы жарнасы мен 11 550 теңге көлеміндегі жеке табыс салығын шегергенде қолға 146 458 теңге тиеді.

Ұқсас сұрақтар

...