+1 дауыс
6.8k көрілді
Маган Аталы соз баталы соз эссе керек казыр тез жауап берыедерш отынемын

1 жауап

+1 дауыс
Жүз дейміз – ау!

Сөз болып па со – дағы!

Тек сол үшін жазбас едім оданы.

Қария ма?

Қария ол

Қартаймас

Жас жүрек пен дана бастың одағы –

деп жерлес ақынымыз Қадыр аға жырлағандай қариялар мәңгі

бақи біздің жүрегімізде жүреді. Ол сенің жылдар бойы білім ұрығын шашқан, ұрпақ тәрбиелеген ұстазың, қаншама адамды ажалдан сақтаған абзал жанды дәрігерің, еліңді қорғаған, сенің жарқын өмірін үшін күрескен, отқа да жанған, суға да батқан

соғыс ардагерің, сен тұратын қала көрікті болу үшін аспанмен таласатын зәулім үйлер салған құрылысшың , бәрі – бәрі қазіргі қауқары кеткен аталар мен әжелер.  Біз оларды ұлғайған жасы үшін емес, көпті көрген  басы үшін құрмет тұтамыз. Шал ақын айтқандай: « Өткен мен кеткенді көп жасаған қарт білер». Немесе қазақта « Алпыстаға қарттан ақыл сұра» деген сөз бар. Өкінішке орай біз сол баталы сөздерді жеңіл – желпі қабылдаймыз. Вовенаргтың сөзімен айтқанда « Қарттардың даналығын біздер

тым мардымсыз пайдаланамыз». Шыныменде, күнделікті өмірде

де кездеседі: мінбеге бір қарт адам шықса, оның тез кетуін күтіп отырамыз, үйдегі ата — әжелеріміздің сөзіне құлақ аспаймыз.

Аталы сөз – баталы сөз. Шежіремізде бір қарт өлерінде ұлына мынадай баталы сөз қалдырған екен: « балам, жыл сайын әйел ал, әр қалада бір – бір үйін болсын, күнде бал же».  Аталы өсиетті түсінбеген ұлы жылда әйелін ауыстырып, қала сайын үй салып, күнде тәтті тағамдар жеумен күн өткізген. Ақыр сонында қу тақырға отырып, жалғыз қалған. Әкесіндей қарияға кездесіп, бүкіл мән-жайды айтқанда, қария былай деп жауап берген: «Әкеңнің сөзін дұрыс түсінбеген екенсің, жыл сайын әйел ал дегені – ұрпақ дамыт, әр қалада үйің болсын дегені — әр қалада досың болсын, достарын көп болсын дегені, күнде бал же дегені – күнде еңбек ет, еңбекпен тапқан тағам балдай тәтті болады дегені» , — дейді.

Міне, аталар сөзі осындай. Қарт адамдардың ақыл айтуға қақысы бар. Бұл моральдық қақыны біз құрметтей білуіміз керек.

Қазіргі заманда орын алып отырған келеңсіз, жантүршігерлік

жайт – ата – аналарды қарттар үйіне тапсыру. Өзіне мына жарық дүниені сыйлаған, астына төсек, үстіне киім, ауызына ас

берген, сені тәрбиелеп, ешкімге шоқыттырмай өсірген, өндірген, «қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым дер»

дегендей қанша тентек болсаң да, әркез тентектігіңді кешірген ата – ананың көздерін мөлдіретіп тастап кету, қарттар үйіне тапсырып жіберу – қара жүректілік, опасыздық . . .  ата – ананы ұмытқан жас – опасыздың опасызы, рахымсыздың рахымсызы . .
https://www.tarbie.kz/7267
...