0 дауыс
Мен бір емханаға тіркелдім. Алайда тексере келе басқа емханада тіркеуде тұрғаным анықталды. Ол қалай?
22.11.2017 1.7k қаралым

1 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Оның бірнеше себебі болуы мүмкін:

1) Егер сіз 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында тіркелсеңіз, жаңадан таңдаған емхананың қызметін 2018 жылдан бастап пайдалана аласыз. Сондықтан, әзірге басқа емхананың, нақтырақ айтқанда, қазіргі емхананың базасында тұрасыз.

2) Егер сіз науқан кезінде тіркелсеңіз, бірақ аты-жөніңіз бөтен емхана тізімінен табылса, сізді тұрғындар санының аздығына немесе шектен асып кетуіне байланысты ауыстырған болуы мүмкін. Қазір ауруханалар тұрғындарға қайта тіркеу туралы хабарлау мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.

3) Дерекқордағы техникалық ақау. Мұндай жағдайда мән-жайды анықтап, шара қолдану үшін емхананың бас дәрігерінің атына өтініш жазу керек.
22.11.2017
үздік деді
127,957Сұрақ
322,869Жауап
153,169Пікір
72,972Қолданушы