Мен бір емханаға тіркелдім. Басқа емханада тіркеуде тұрғаным анықталды. Бұл қалай?

0 дауыс
1.6k қаралым
Мен бір емханаға тіркелдім. Алайда тексере келе басқа емханада тіркеуде тұрғаным анықталды. Ол қалай?
• Санаты: Жалпы медицина | 1.6k қаралым

1 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Оның бірнеше себебі болуы мүмкін:

1) Егер сіз 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында тіркелсеңіз, жаңадан таңдаған емхананың қызметін 2018 жылдан бастап пайдалана аласыз. Сондықтан, әзірге басқа емхананың, нақтырақ айтқанда, қазіргі емхананың базасында тұрасыз.

2) Егер сіз науқан кезінде тіркелсеңіз, бірақ аты-жөніңіз бөтен емхана тізімінен табылса, сізді тұрғындар санының аздығына немесе шектен асып кетуіне байланысты ауыстырған болуы мүмкін. Қазір ауруханалар тұрғындарға қайта тіркеу туралы хабарлау мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.

3) Дерекқордағы техникалық ақау. Мұндай жағдайда мән-жайды анықтап, шара қолдану үшін емхананың бас дәрігерінің атына өтініш жазу керек.

Жақсы жауап таңдалды

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
127,937 сұрақ
322,807 жауап
153,169 пікір
72,928 қолданушы