Ақылды құмырсқалар мазмұндама жазу керек?

+1 дауыс
8.1k қаралым
Саяхатшылар деп басталады.

Құмырсқа – жай ғана жәндік емес, одан бөлектеу дүние. Ол - жер бетінде ең көп кездесетін жәндік. Бір Қазақстанның өзінде 200 - дей түрі бар. Олар алып жер бетіндегі ең көне жәндік түрі. Пайда болған уақыты 25 миллион жыл деп есептелінеді. Құмырсқа тіршілігі – ғылыми маңызы бар, ерекше құбылыс.

Құмырсқаларда да адамзат қоғамындағыдай өзара еңбек бөлінісі бар. Бірі – күзетші, бірі – қорғаушы, тағы бірі – малшы, енді бірі жауынгер болып, өз иелерінің игілігі үшін қызмет етеді. Сеніңіз, сенбеңіз, әр илеудің өз құмырсқа – актерлері де болатын көрінеді. Оларға да өнерін тамашалайтын көрермен керек. Бұл үшін олар бос орынды таңдап, алады. Әрине, ол өзге құмырсқалардың көзі түсетін жер болуға тиіс. Сонан соң олай - бұлай бұлғақтап ойнай жөнеледі.

Құмырсқалар – еңбекқор жәндік. Күз аяғы болып, қысқа қамдану жұмыстарына қызу кіріседі. Жұмыс бітіп жатса, маусым соңын той-томалақпен атап өтуге құмырсқалар да қарсы емес. Мұндай кездері бір илеуден екінші илеуге қонаққа кетіп бара жатқан құмырсқалар көшін жиі байқауға болады.
• Санаты: Қазақ тілі
«Ақылды құмырсқа» мазмұндама

Бір орманда кішкентай құмырсқа өмір сүріпті. Ол өте еңбекқор, ұйымшыл әрі ақылды екен. Құмырсқа күн сайын ерте тұрып, өзіне және достарына азық жинауға шығады. Жаз мезгілінде құмырсқалар қысқа дайындалып, тынымсыз еңбек етеді. Себебі олар қыс кезінде сыртқа шығып азық табу қиын болатынын жақсы біледі.

Бір күні құмырсқа орман ішінде келе жатып үлкен дән тауып алады. Бірақ дән өте ауыр болғандықтан, оны жалғыз өзі көтере алмайды. Құмырсқа біраз ойланып тұрады да, ақылды шешім қабылдайды. Ол дереу илеуге барып, басқа құмырсқаларды көмекке шақырады. Көп ұзамай бірнеше құмырсқа келіп, бәрі бірігіп дәнді көтеріп, илеулеріне алып кетеді.

Құмырсқалардың ұйымшылдығы мен бір-біріне көмектесуі жұмысты жеңілдетеді. Олар жаз бойы осылай еңбек етіп, көп азық жинайды. Қыс келген кезде құмырсқалар жылы илеулерінде отырып, жазда жинаған азықтарын пайдаланады. Ешқайсысы аш қалмайды.

Осылайша ақылды құмырсқа өз еңбегі мен ақылдылығының арқасында достарына үлгі болады. Оның әрекеті барлығына бірлік пен еңбекқорлықтың маңызын көрсетеді.

Қорытынды:
Бұл әңгіме адамдарды еңбекқор болуға, алдын ала қамдануға және бір-біріне көмектесуге үйретеді.

1 жауап

0 дауыс

Құмырсқалар мен адамдардың ұқсастығы.

Құмырсқа. Илеу салады.
Адам. Үй салады.

Құмырсқа. Әр құмырсқаның жүктелген қызметі бар (аналық, аталық, жұмысшы және солдаттық)
Адам. Отбасында әр отбасы мүшесінің атқаратын өз міндеттері бар (ата, әже, ана, әке, бала)

Құмырсқа. Илеуінің микроклиматы өзгермейді, яғни біздің тілімізбен айтар болсақ желдеткіш орнатып қойғандай (ауа ылғалдығы 96, 2% сақталады 30˚ыстықта)
Адам. Ыстықта кондиционер орнатады.

Құмырсқа. Ханша құмырсқаның жанында көптеген нөсерлер оған қызмет етеді.
Адам. Байлар және олардың үй қызметшілері.

Құмырсқа. Илеуінің ішінде бағбан құмырсқалар саңырауқұлақ өсіреді және оның өсуіне қажетті жағдай жасайды. Бұл олардың сүйікті асы болады.
Адам. Бағбан жеміс жидек өсіреді, оны күтіп, баптайды.

Құмырсқа. Жұлдызқұртты тамақтандырып, үздіксіз сауып, одан сөл, шырын алып отырады. «сиырына» топырақтан «қора» салады, оған күзетшілерді қояды.
Адам. Сиыр, жылқы, ешкі, түйе сауады, оларды қорада ұстайды, асырайды, қорғайды.

Құмырсқа. Жауынгерлер үлкен жәндікті қулыққа құрылған айла - тәсілімен оп - оңай қолға түсіреді
Адам мергендігімен, ептілігімен, қулығымен аңшылық етеді.

Құмырсқа. Дақылдарды ұнтақтап ұн жасайды, сілекеймен араластырып қамыр илеп, быламық жасап, құндақта жатқан «бөпелердің» ауызына апарып салады.
Адам. Бидайды тартып, ұн қылады. Ұнды илеп нан пісіреді.

Құмырсқа. Бала бағушы құмырсқалар. Олар таңның атысы, күннің батысы аналық патшаның жатырынан тоқтаусыз туылып жатқан шақалақ тұқымдарды мәпелеп, аялап, жылы орынға жайғастырумен айналысады.
Адам. Балабақша тәрбиешілері ата-анасы жұмыстан келгенше балаларды бағады, тәрбиелейді, күтеді.

Құмырсқа. Құмырсқалар сөйлесіп қана қоймай, олардың тіпті санай алатын қабілеттері де бар.
Адам. Адам сөйлейді, санайды.

Әр қайсымыз құмырсқаларды зерттеуіміз қажет. Олар төрт тұжырымдамадан тұратын, таңғажайып пәлсапаға ие.
Біріншіден, құмырсқалар ешқашан берілмейді. Егер құмырсқалар бір жаққа беттесе, сіздер тоқтатуға тырыссаңыз да, олар міндетті түрде басқа жолын табады. Белгіленген жерге жету үшін кез - келген амалды қолданады.
Екіншіден, құмырсқалар қысты жаз бойы ойлайды. Жаз өмір бақиға созылмайды. Сондықтан да құмырсқалар қысқа арналған азығын жазда жинайды.
Үшіншіден, құмырсқалар жаз туралы қыс бойы ойлайды. Бұл да өте маңызды. Қыс бойы олар өздеріне: «Қыс өмір бақи болмайды, біз жақын арада мына жерден шығамыз» деп өздерін сабырға шақырады. Егер тағы да суытса, олар тығылады, жылынса, сыртқа шығады. Олар әр кез өзгерістерді жақсыға балап өмір сүреді.
Төртіншіден, қысқа дайындалу үшін қанша құмырсқалар қаншалықты жұмыс істей алса, соншасы жұмыс істейді.

Құмырсқалар жәндіктердің ішінде ең ғажайыбы, өйткені оларда тек адамға тән қасиеттері бар. Тынымсыз еңбек етіп, биік шыңдарға жететін, батыл да, батыр да, ақылды, ұйымшыл, бір - біріне қайырымды жәндіктер. Құмырсқаны көрсеңіз, жанынан жай өтіп кетпей, міндетті түрде жол беріңіз. Кіп - кішкентай болғанымен ол үлкен еңбек етеді, оның бір минут бос уақыты болмайды. Әр адам құмырсқадан үлгі алса, көптеген жеңістерге жетер еді деп ойлаймын. Адамзат, құмырсқаларды қорламайық, оларды қорғайық!

Ұқсас сұрақтар

127,938 сұрақ
322,812 жауап
153,160 пікір
72,926 қолданушы